Басты бет Әлеумет Қамымызды ойлаған мемлекетке ризамыз

Қамымызды ойлаған мемлекетке ризамыз

0
932

Жер-жаһанды жалмаған коронавирус дерті адамзатты бір сәтте есеңгіретіп, тәубелетіп тастағаны рас. Әркім әрқилы әңгіме айтуда. Сәуегейлер де көбейді. Бастысы мемлекет басшысы дер кезінде төтенше жағдай жариялап, халықтың амандығы үшін қауіпсіздік жұмыстарының барлығын өз бақылауына алуы. Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға ұлттық қордан қомақты қаржы бөліп, олардың қамын жасады. Соның жарқын бір дәлелі миллиондаған адамға 42500 теңгеден жәрдемақы тағайындағаны. Мен жеке сауда орталығында жұмыс істедім, табысым да жаман болмады. Елімізге келген аты жаман ауруға байланысты жұмысымыз уақытша тоқтатылды. Жолдасым мектепте педагог. Ол қашықтықтан оқыту әдісіне өтті. Осы тұста мемлекет тарапынан жәрдемақы төленетіндігі жария етілді. Құжаттарымды реттеп, интернет порталы арқылы өтініш жаздым. Бас-аяғы бір аптаның ішінде жеке есеп шотыма 42500 теңге түсті. Қуанышымда шек болмады. Өз халқына осыншама қамқорлық жасап жатқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тығырықтан шығатын жолды тауып, несиелерге қатысты да көптеген жақсылықтарды жүзеге асырғанына алғысым шексіз. Бізден басқа ешқандай елде мұндай қамқорлық жасалып жатқанын естімедім. Шүкір, бәріміз бірігіп, тәртіпті бұзбай, ережелерді бұлжытпай орындап, аурудың басын қайыратынымызға шүбәм жоқ. Төтенше жағдай кезінде халқының жағдайын жасап, елінің қамын ойластырған азаматтарымыз аман болғай. Тәуелсіздігіміздің туын төмендетпей, біз де еліміз үшін адал қызмет етейік, демекпін.

Саадат АХМЕТОВА,

Шонжы ауылының тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…