Басты бет Тағзым ЕРЛІК. БАТЫРЛЫҚ. ЖАУЫНГЕРЛІК

ЕРЛІК. БАТЫРЛЫҚ. ЖАУЫНГЕРЛІК

0
1,479

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Тұтастай алғанда КСРО-ның 620 мың азаматы АДР аумағында әскери қызметтен өтті. Сондай-ақ әскер құрамында 21 мың адам жұмысшы және қызметші кәсібінде болды. Ауған-Кеңес соғыс 4 кезеңнен тұрады:
1 – кезең: 1979 жылғы желтоқсан – 1980 жылғы ақпан аралығы. Бұл кезеңде әскерлерін Ауғанстанға енгізу, оларды гарнизондарға орналастыру, жер-жердегі бекеттер мен әртүрлі нысандарды қорғау шаралары жүзеге асырылды.
2 – кезең: 1980 жылға наурыз – 1985 жылғы сәуір аралығы. Бұл кезеңде белсенді соғыс қимылдарына көшу, оның ішінде кең көлемде, ауғандық бөлімдер және құрамаларымен бірлесе отырып, АДР-ның Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұымдастыру жұмыстары жүргізілді.
3 – кезең: 1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде белсенді соғыс қимылдарынан ауған әскерлерінің әрекетіне кеңістік авиациямен, артиллериямен және саперлік бөлімшелермен көмек көрсетуге ауысты.
4 – кезең: 1987 жылғы қаңтар 1989 жылғы ақпан аралығы: Ауғанстан басшылықтарының ұлттық татуласу саясатын жүргізуіне кеңес әскерлері де қатысты. Дегенмен, ауған әскерлерінің соғыс қимылын қолдау тоқтатылған жоқ. Кеңес әскерлерінің отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі сәтті өтті.
Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлерінің құрамында Қазақстаннан 22000 астам жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Соғыс деген – қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Жылдар жылжып өткенімен, ерлік пен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.
Патриотизм – өз ата-анаңды, кіндік қаның тамған жеріңді сүюден басталып, өз елінің намысын қорғайтын ер болуға әкелетін ұғым. Еліміздің намысын қорғап, ата-баба ерлігін жалғап, жауынгерлік антына адал болғандар – 1979-1989 жылдардағы Кеңес-Ауған соғысының ардагерлері. Олар – ерліктің, өрліктің үлгісі.
Халқымыздың хас батырларының бірі, Халық Қаһарманы, айбынды жазушымыз Бауыржан Момышұлы «Жауынгерлік борышты өтеу жеңіспен бірдей», — деген болатын. Ауған жеріне кім үшін, не үшін келгендерін білмесе де біздің жауынгерлер азаматтық, сарбаздық борыштарын мүлтіксіз орындап, әскери антқа адал болғаны ақиқат.
Ардагерлеріміз – бүгінгі жас ұрпаққа елін, жерін қорғаудағы дұрыс жолды өз ісімен көрсете білетін өр тұлғалар.
Ауған соғысына қатысып қайтқандар тек өмір мектебінен өтіп қана қоймай, бәрінің дерлік жандары жараланып қайтқанын ұмытпағанымыз жөн.
Ауданда 24 жерлесіміз қазір ортамызда. Олардың өшпес ерліктері ел есінде мәңгі сақталады.

Султанмурат ГАППАРОВ,
аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім басшысы, майор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ТАСҚАРАСУДЫҢ КӨГІН ЖЫР ТЕРБЕДІ

Шығысы шекара, батысы Бұғыты тауларымен танымал, әлемге Шарын шатқалымен әйгілі, қасиетті …