Басты бет Басты ақпарат Алматы облысында 440 мың тонна тәтті түбір жиналды

Алматы облысында 440 мың тонна тәтті түбір жиналды

0
1,479

 Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 11 мың 200 гектарға себіліп, жалпы өнім 32 процентке өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
Жиын барысында облыс әкімі қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы тапсырма аясында елді қантпен қамтамасыз етуде жыл сайын өндірілетін қант қызылшасының көлемін арттыру қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасының өнімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда. Келешекте инвесторлармен келіссөз жүргізе отырып  тағы екі қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр.
Алматы облысында қант қызылшасын өсірудің қайта қар¬қын алғаны қуантады. 2017 жылы 380 центнерден 250 мыңнан астам тәтті түбір  алынды. 2021 жылға қарай облыста бұл дақылдың егістігін 15,0 мың гектарға жеткізу көзделуде. Осы жылдары өнім дайындау көлемін 580 мың тоннаға дейін өсіруде жоспарланып отыр.
Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде жүгері шаруашылығын озық технологияны енгізудің нәтижесінде 532 мың тонна өнім алынды, бұл соңғы 27 жылдағы рекордтық өнім.
Панфилов ауданының фермерлері тамшылатып суғаруды енгізудің арқасында, әр гектардан 120 центнерге дейін өнім алды, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2 есе артқан.
Жаркент крахмал-сірне зауытының қуаты жаңғыртудан кейін 10 мың тоннадан 135 мың тоннаға ұлғайды, жүгеріні қалдықсыз өңдеу циклі қамтамасыз етілді, өнімнің 27 түрін шығару жолға қойылды.
Сондай-ақ Алматы облысы жаңа бағытты – өнеркәсіптік картоп шаруашылығын дамытуды қолға алды. Соның ішінде Кеген және Райымбек аудандарында картоптың элиталық сорттары 100 гектарға егілді. 2 сервистік дайындау орталығы құрылып, 21 бірлік техника сатып алынды.
Алдағы уақытта 2020 жылға қарай егіс алқабы 4,5 мың гектарға жетіп,  жоғары сортты картоптың 135 мың тонна тұқымы алынатын болады. Бұл жаңа ашылатын «Фармфритц» картоп өңдеу зауытын шикізатпен толық қамтамасыз етеді .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…