Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, факторлы-балдық жүйе мен бонустар негізіндегі мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу туралы айтып өтті.
Өз сөзінде А.Шпекбаев қызметкерлердің жалақысын 2 есеге арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы жалақы айырмасын 70%-дан 10%-ға дейін төмендетудің оң нәтижесін атап өтті.
«Өзгерісті өзіңнен баста» қағидасы бойынша, бүгінгі күні Агенттік мемлекеттік аппаратта оңтайландыру үдерістерінің бастамашысы болып тұр.
Мысалы, егер біз барлық мемлекеттік органдардың кадрлық процестерін орталықтандыратын болсақ, болжамды оңтайландыру жылына 4 600 бірлікті қамтитын 5,5 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік бар», – деді ол.
Алик Шпекбаев қосалқы қызметтерді орталықтандыру және кадрлық құжат айналым бойынша Ортақ қызмет көрсету орталығын құру тәжірибесі туралы айтты.
«Қазір Агенттіктегі персоналды басқару қызметкері 14 есе тиімді. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің арқасында ол 30 адамның орнына 400-ден астам адамға қызмет етеді. Жылдың соңына дейін орталыққа жалақыны есептеу функциясы беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар мен заң қызметтері орталықтандырылған», – деді.
Агенттік Төрағасы Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросын оңтайландыруды мысал ретінде келтірді.
А.Шпекбаевтың айтуынша, Президенттік сыйақыны және оңтайландыруды ескере отырып, Ұлттық Бюро орталық аппаратының офицерлері 232 мың теңге орнына 410 мың теңге, ал аумақтық департаменттер – 152 орнына 350 мыңға жуық еңбекақы алатын болады.
«Біз басқарушылық лауазымдарды екі есеге қысқарттық, бұл атқарушы билікті 25% нығайтты.
Артық құрылымдарды қысқарттық, оның ішінде ауданаралық басқармалардың үштен екі бөлігін қоса алғанда, 26 басқарма бөлімдерге, 34 бөлім топтарға өзгертілді.
Орталық басқаруды күшейте отырып, ішкі қауіпсіздік аумақтық департаменттерін оңтайландырдық.
Осы шаралардың кешені басшылардың орындаушыларға ара қатынастарын өзгертті. Егер бұрын бұл көрсеткіш 1:2 болса, онда оңтайландырудан кейін 1:7, бұл бізді халықаралық менеджмент стандарттарына жақындатады», – деп жеткізді.
Бүгінгі күні Мемлекет басшысы бірінші басшыларға мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу үшін жұмыстан босатылған қаражатты пайдалану жөніндегі қызметкерлердің санын және ағымдағы әкімшілік шығыстарын оңтайландыруға құқық беретін қаулыға қол қойғаны белгілі.
«Жаңа жалақы жүйесіне көшу – оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады дегенді айқын түсіну керек», – деді А.Шпекбаев қатысушылар алдында.
Қазіргі уақытта Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 1 қазаннан бастап жаңа жүйеге ішкі резервтер есебінен өтуге дайын екендігін білдірді.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы айта отырып, олардың электрондық форматқа тездете аудару ¾-ке тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік берді.
«Ақпараттық жүйелердің интеграциясына келетін болсақ, ол қазірдің өзінде 30%-дан асады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлескен жұмысымыздың 8 айында 2,5 есеге деректер базасы интеграцияланды (соңғы 10 жылмен салыстырғанда).
Біздің басты мақсатымыз – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі факторы ретінде онлайн қызметтерге толық көшу», — деді ведомство басшысы.
Сөз соңында Агенттіктің аумақтық департаменттерімен бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жүзеге асырылып отырған жобаларға тоқталып өтті.
МҚІЖСЖҚІҚА
баспасөз қызметі