Басты бет Рухани жаңғыру ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ

ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ

1
3,528

Туған өлкенің өткен тарихын оқып-үйрену, байырғы тұрғындардың тұрмысын, шаруашылығын тану, мәдени мұра ретінде қорғау, оның маңызын ашып көрсету мақсатында өлкетану ізденіс жұмыстарын жүргізу мектеп оқушыларына өте маңызды. Ол үшін туған өлкеде саяхат жасап, туған өлкенің ғажайып тұстарымен танысудың алатын орны ерекше. Оқушылардың қызығып, ізденіп, таңдана саяхаттап зерттейтін жұмыстарының бірі ерте замандағы жартастағы салынған суреттер.«Тасқа өшпестей етіп салынған суреттер» кез келген оқушыны ойландырады. Ал,осындай көне замандардан қалған «Таңбалы тастар» Кетпен жотасындағы, Жалғыз өрік шоқысында, Дардамты ауылынан 5 шақырым қашықтықта, оңтүстiк батыс бөлігінде шоғырланған жартастарда кездеседі. Бұл шатқалдар бұта өсiп кеткен, сусыз сайлар болып келедi. Осы өңірді зерттеу үшін өткен оқу жылы ішінде Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектеп директоры В. Усманов, педагог – ұйымдастырушы А.Оңласынов және география пәні мұғалімдері мектеп оқушыларын бір күндік танымдық жорықтарға шығарды. Осындай танымдық жорықтар жалғасын табады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баса назар аударған киелі орындардың қатарына жататын жартастағы суреттерден еліміздің өткен тарихын, тұрмыс-тіршілігін оқып-танитынымызға ықпал ететініне көз жеткіздік. Шатқалдар шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Ол жерде кездесетін көне суреттерде көбінесе жануарлар, аң аулау cәттepi бейнеленген. Су­реттер шағын жартас тақталарының оңтүстiк және оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Жалпы саны 100-ге жуық. Олар негiзiнен тасты қашау әдiсiмен салынған. Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көп бейнелi үлкен композициялар жоқ, ешкi және арқар аулау көpiнicтepiн көруге болады.
Жыртқыш аңдардың шөп қоректi жануарларға шабуыл жасағаны суреттелетiн сюжеттер де бар. Петроглифтердiң көпшiлiгiнде бұғылар, бұқалар, ат мінген адамдар, түйелер, текелер мен жеке дара арқарлар көптеп бей­неленген. 9 «а» сынып оқушысы А. Ядванова мұндай суреттердің салыну барысымен таныса, тарихын зерттеп, аудандық және облыстық ғылыми жоба жұмысына қатысып жүлделі орындарға ие болып марапатталды.
8-9 сынып оқушыларын бір күндік саяхатқа Кетпен жотасының баурайындағы табиғатты тамашалауға барды. Осы жорықта биік жартастарда салынған көне суреттерді анық көзбен көруге, әсем табиғаттың сұлулығын тамашалауға, оқушылардың қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік туды. Оқушылармен жорық барысында жол үстінде орналасқан «Асан» үңгіріне кіріп көріп, біраз аялдадық. Серуен барысында «Бұлақ көрсең көзін аш – деген нақыл сөзді ұран етіп, жол үстіндегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ суларын тазартып та қайттық. Жорықтан алған әсеріміздің, жасаған жұмыстарымыздың пайдасы болашағымызға зор үлесін тигізері анық екеніне сенеміз.

Бағлан ӘБІЖАНОВ,
Дардамты орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі

1 пікір

  1. Баглан

    10.11.2018 at 13:31

    Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылы Шамамен 2-3 ғасырда биік жартастағы тасқа қашалып салынған суреттерді келіп көріп, тамашалауға шақырамыз.

    Reply

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…