Басты бет Рухани жаңғыру АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

0
1,012

Алматы облысында елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында,Алматы облыстық соты қазақ билер сотының айбынды жолдарын негізге ала отырып,  қазақ  мемлекетінің сан ғасырлық мұрасымен таныстыру арқылы, отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында «Қазақ билер соты- әділдік пен бітімгерліктің алтын тұғыры» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция Алматы облыстық соты әзірлеген сот жүйесінің жетістіктері туралы бейнероликті тамашалаумен басталды. Сондай-ақ, құқықтық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды, әділетті шешім шығарған билер тәжірибесіне негізделген қазақ хандығындағы билердің рөлі, мемлекеттік басқарудағы жетістіктері туралы қойылым көрсетілді.

Конференцияға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, «Атамекен», «Нұр Отан» аймақтық филиалдарының басшылары, республикалық жетекші және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, облыс судьялары мен шығармашылық зиялық қауым өкілдері қатысты.

«Бүгінгі Алматы облыстық соты ұйымдастырып отырған отырыстың маңызы зор. Қазақты ел қылып, жерін сақтап, кеңейтіп, елін сауатты қылған билер. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 26 жыл ғана болды, одан бұрын біз хандық дәуірді өткіздік, патшалық қарамағында екі жылдан астам отарлықта болдық. Осындай қиындықта билер қоғамды, ел бірлігін сақтап қалған. Билер сотын ұмытуға болмайды, біздің түпқазығымыз, қазақ қоғамының дамуының негізі- билер. Осыған байланысты әлі де біз қоғамдық негізде билер құрамасын құрап, әр ауылдан, әр тұрғылықты жерден құрап қазақтың ішінде құрауымыз керек. Олар халықтың ішінде салт-сананы насихаттауы қажет. Сонда біз алға жылжимыз. Биліктің бастауы- халық. Халықтың пікірін тыңдап, ұсынысымен де заң шығарушы органдар жұмыс істеуі керек»,-дейді  заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арықбай Нүсіпәліұлы.

Ғылыми –конференцияның қатысушылары өз баяндамаларында билер сотының рөлі тақырыбын терең ашып, қазақтардың дәстүрлі мемлекеттік құқықтық басқаруын жан-жақты таныстырды. «Билер сотының көптеген принциптері бүгінгі күнге дейін өзекті»,-деп есептейді қатысушылар. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторлары өткен өмірдің беттерін ашатын әр түрлі баяндамалар ұсынды.

Конференция соңында мемлекеттік, жергілікті атқарушылық және құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында іске асыруға ұсынылған қарарды қабылдап, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жоспарын құрды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…