Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ ЖУРНАЛ ЖАРЫҚ КӨРДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ ЖУРНАЛ ЖАРЫҚ КӨРДІ

0
2,026

Салмақты сараптамалар мен бай мазмұнды қамтыған  республикалық басылымның сүйінші данасы алдымен облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында таныстырылды.

Жаңа басылым ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, мәдениетімізді, әдебиетіміз  ді зерттеуге, зерделеп жария етуге мол мүмкіндік жасау бағытын ұстанады. Журналда ақпараттық материалдар мен күнделікті хабарламалар басылмайды, тиісінше, руханият пен тарихқа қатысты құнды, ұрпаққа ой салар тың сараптамалар қамтылмақ.

«Тарихымызды таразылап, төл мәдениетімізді қайта жаңғыртуға тың серпін берген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жаңа басылым – жаңа идеямен жарыққа шықты. Мемлекетіміздің жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңістерін, еңбекке үлгі болған жандардың ұстанымдары, көне көрікті қалаларымыз бен тарихи ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз жайлы жан-жақты мағлұмат ала аласыздар», – деді «Рухани жаңғыру» журналының бас редакторы  Бахтияр Қабасов.

Сонымен қатар «100 жаңа есім», «Қасиетті Қазақстан», «Туған жер», «100 жаңа оқулық» жобаларының кейіпкерлері осы басылым арқылы жасап жатқан іс-тәжірибелерін халықпен бөлісе алады.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» журналының редакциясы Талғар ауданында орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…