Басты бет Рухани жаңғыру «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ СКРЕТЧ-КАРТАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ СКРЕТЧ-КАРТАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

0
1,223

Алматы облысының ішкі туризмін дамыту экономиканың маңызды бөлігі болып табылады.  Осыған орай, облыс белсенділері бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру үшін білек сыбана кірісті. Бұған дәлел,  Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінің мүшелері әзірлеген скретч-карта. Аталмыш карта Жетісу жерінің киелі жерлерін көрсетеді.

«Jetisy`din` jeti u`zdik geografi`aly`q nysany» және « Jetisy`din` jeti u`zdik sakraldyq nysany» атты екі скретч-картада Жетісудың 14 «Сокралды Қазақстан» тізіміне енген жерлері бейнеленген. Картаның ерекшелігі бейнеленген суреттердің беті жылтыр жұқа қабатпен қапталған.

Әзірлеушілердің айтуынша , бұл карта саяхатшыларға кириллица және латын қаріптерінде жазылған  таптырмас көмекші құрылы іспеттес және карта Жетісудың киелі жерлерін көрсететін бағыттаушы болмақ.

Айта кетейік, «scratch» сөзінің мағынасы қазақшаға аударғанда «қыру» дегенді білдіреді, яғни, қартаның сыртын қыру арқылы Жетісудың тарихи жерлерін көре аламыз. Сондай-ақ, скретч-карта «Open Zhetysu» жобасының бір бөлігі болып есептеледі.

«Жасаған картамыз Алматы облысының туристік белсенділігін көтеру, Жетісу өңірінің инфроқұрылымын дамыту мақсатында жасалған. Облысымыздың тұрғындары мен қонақтарына, туристерге және жастарға Жетісудың киелі және табиғаты тамаша жерлерімен таныстыру болып табылады. Алдағы уақытта біз осындай карталарды бүкіл аймақтарға жеткізуге  тырысамыз», — деп қорытындылады  «Open Zhetysu» жобасының ұйымдастырушысы Ануар Демегенов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…