Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Патриот.KZ» жобасының авторы Науканов Бағдат мәлімдеді. Реалити-шоудын мақсаты «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында халық арасында патриотиоттық сезімді ояту, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, зайырлы мемлекетті насихаттау, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жергілікті теледидар мен интернетті пайдаланып, жалпы қоғамға салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттық-патриоттық шоу ағымдағы жылдың 19 қарашасынан бастап 3 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Жобаға 18-22 жас аралығындағы, 70-75кг салмақ дәрежесі арасындағы бокстан ҚР спорт шеберіне үміткер спортшылар арнайы іріктелініп алынды. Нәтижесінде 11 аудан мен қаладан 16 қатысушы қатысады. Екі аптаға созылатын жарыстың алғашқы аптасы спорттық, мәдени бағдарламалар мен оқу жаттығуына толы болса, соңғы аптасы қатысушылар арасындағы жарысқа ұласады. Осы уақыт аралығында жергілікті Жетісу телеарнасынан «Патриот.KZ» жобасы жайлы күнделік жүргізіледі.
«Көп жағдайда жас спортшылар кәсіпқой боксқа кетіп жатады. Оларды әуесқой бокста қалдыру, жасөспірімдерді спортқа баулу осы спорттық-патриоттық шоудың негізі болып табылады. Реалити шоудың «Патриот.KZ» аты айтып тұрғандай жастарымыздың бойына патриоттық сезімді орнату басты мақсаттарымыздың бірі», — деді Б.Науканов.
Айта кетейік, Реалити-шоу соңында барлық қатысушылар мен жаттықтырушыларға арналған бағалы сыйлықтар болады.