Басты бет Рухани жаңғыру АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «КИЕЛІ ӨЛКЕ — ЖЕТІСУ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «КИЕЛІ ӨЛКЕ — ЖЕТІСУ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨТТІ

0
1,303

Жетісу өлкесінің киелі әрі тарихи жерлерін мүмкіндігі шектеулі жандар барып тамашалады.  Шараның мақсаты жастар арасында Отан сүйгіштікті арттыру, рухани байлықты дамыту,  Жетісу өлкесінің қасиетті әрі тағылымы мол жерлерін таныстыру.

Экспедиция Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының  ұйымдастыруымен өтті.

         Бағыт Қаратал ауданыңдағы бес ата басына арналды, яғни Ескелді би, Балпық би, Айту би, Қарымбай әулие, Жолбарыс би. Әр кесененің басындағы шырақшылар сол бидің тарихы мен бастан кешкен батырлыққа толы аңыз-әңгімелерін баяндап берді.

«Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады», — деді кесене шырақшысы Ербол Оңғаров.

Сондай-ақ топ құрамындағы Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» спорттық оңалту орталығының жетекшісі Баялышбаев Елдос та өз пікірін білдірді.

   -Бұл танымдық экспедицияға қатысқаныма қуаныштымын. Себебі, бос уақытта үйде отырғанша бір уақыт осылай таза ауа жұтып, қасиетті жерлерге бару дұрыс деп санаймын. Біз барып қайтқан әрбір бидің кесенесі өзіндік ерекшеліктерге толы. Осы шара арқылы біз тарихымызды, ел үшін жанын берген батыр аталарымызды одан сайын құрметтей бастадық. Шара ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз», — деді ол.

         Құрылған топқа тағылымы мол сапар ұнағаны соншалық, экпедиция аяғы әсем әнге жалғасты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…