Басты бет Рухани жаңғыру ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС…

ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС…

0
1,463

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың қиялға балаған армандарының орындалуына ықпал етті. Бұл құжат ата-бабамызға арман болған «Мәңгілік ел» болуға жетелейтін стратегия болды. «Мәңгілік Ел» – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
Мәңгілік ел азаматының бейнесін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқын көрсете білген Елбасының көрегендігіне бас имеске болмас. Аталмыш мақаланы оқи отырып, Президентіміз халықты ендігі кезеңде рухани дамуға, саналы азамат болуға, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өз Отанының патриоты болуға шақырады. Жеке адам ғана емес, тұтас халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырса ғана табысқа жете алатынын ескертеді.
Ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді, тіліміз бен ұлттық музыкамызды болашаққа қаймағын бұзбай жеткізуімізді талап етеді. Қазақта «Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөз бар. «Туған жер» бағдарламасы да өз міндетін қалтқысыз орындауы сөзсіз. Бұл тұрғыда, Елбасы әрбір Қазақстан азаматын өз Отанын сүйіп, туған жерінің мәдениеті мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысуын көздейді.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас», – демекші, әр азамат балалық шағының бал күні өткен ауылына келіп, балалар үшін арман болған спорт пен өнер мектебін ашса, жұмыс істемей тұрған балабақша ғимараттарын жөнге келтіріп, іске жаратса Елбасы тапсырмасының аяқсыз қалмағаны болар еді. Менің туған жерім Шырын ауылы. Ауылымыздан шыққан ағалар, ауылымызға ат басын бұрып, өз туған жерінің, туған ауылының келешегі үшін игілікті іс атқарады деп сенемін.

Арай НҰРЫМ,
Шырын орта мектебі 9 «а» сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…