Басты бет Жолдау ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТ

0
36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тағы бір үлкен қадам. Президент Жолдауда қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауаптар берді. Жолдау еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындайды. Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалады деп сенемін. «Президент Жолдауы Әділетті Қазақстанды құруға негізделеді. Әділеттілікте ең бірінші жер мәселесін қарастыру керек.

Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің дамуына себепші бола алады. Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтерді. Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы халықтың әлеметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған. Президент жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін.

Қолға алынған мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жобаларын сәтті жүзеге асыру қажет. Мұндай серіктестік түрі әлеуметтік инфрақұрылымға салынатын жеке инвестиция көлемін ұлғайтуға көмектеседі. Ең бастысы, тиісті рәсімдерді негізсіз созбай, шешімдерді тез қабылдау керек. Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.

Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, дегені жанымызға жақты. Шынымен әркім атқаратын жұмысына қарай ақы алатын болса, ол үлкен қолдау ғой. Медицина саласының жалақылары көтерілетін қызметкерлері үшін біз қуандық. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса бірден алғашқы дәрігерлік көмекке жүгінетініміз рас. Сондықтан бұл жаңалыққа риза болғанымызды жасыра алмаймыз. Жолдауда айтылған дүниелердің барлығы да ел дамуының айқын бағыт-бағдары.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ДӨЛӘТ ХАДИМИ БОЛУШ…

Бүгүнки күндә Қазақстанниң адил вә илғар дөләт сүпитидә шәкиллинишидә дөләт башқуруш систе…