Басты бет Рухани жаңғыру АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ТҮРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ТҮРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

0
2,026

Алматы облысы, Шеңгелді ауылында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық еңбеккерлерінің күніне орай, ұлттық ат спорты түрлерінен үлкен, ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Бұл дүбірлі той жер игеріп, мал басын өсіріп, өсімдік шаруашылығын дамытып, өңірдің өркендеп, өсуіне ат салысып жүрген, сонымен қатар жергілікті халықтың бүтін мейрамы деуге болады. Осы орайда, қала басшысы Талғат Қанатұлы барша жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, жылы тідегін білдірді.

Алматы облысындағы іргелі аймақтардың бірі болып саналған Қапшағайда аталмыш шараның өткізілуінің өзі тегін емес. Себебі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды, салт-дәстүрімізді сақтап, оның кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдыру жолында жұмыстар атқарылу керектігін айтқан болатын. Соған орайластырылып отырған мәдени шара нақты айта кетсек, қазақтың қаны мен бойына сіңген, ғұрпын паш ететін ат жарысында көпшілік 5 шақырымға тай, 11 шақырымға құнан, 25 шақырымға Аламан бәйгелерін тамашалады.

Бәйгенің бас жүлдесі –темір тұлпар көлігі, ал қалған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, мерекеде қыз қуу, теңге ілу «Қазақша күрес» ұлттық спорт түрлерінен жастар өз бақтарын сынады. Одан бөлек, мейрамда қаланың шығармашылық ұжымдарыны, «Ретро» триосы, «Меруерт» өнер мектебі мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы көпшілікке тарту етілді.

Сондай -ақ, этно-мәдени бірлестіктерінің және қол өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Тағы бір айта кетерлігі, келген қауымның 20-ға жуық тігілген қазақ үйлерден дәм татуларына да мүмкіндіктер қарастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…