Басты бет Заң және қоғам «Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды.

«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды.

0
20

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Threads әлеуметтік желісінде заңсыз қаржы жинау мақсатында көрінеу жалған ақпарат таратқан Астана қаласының 23 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды.

«Тергеу барысында ер азамат жалған жарияланымды тек материалдық пайда табу мақсатында жариялағанын мойындады. Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Ведомствоның мәліметінше, жарияланым авторы мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағаны және өз өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы жалған ойдан құрастырып, әлеуметтік желі қолданушыларын қаржылай өзіне қаржылай көмек көрсетуге шақырған. Тексеру барысында аталған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні, сондай-ақ ер азаматтың мүлде мерзімді әскери қызметті өткермегені анықталды.

Бұдан бөлек, құқық бұзушы өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында кәмелетке толмаған танысын алдап, азаматтардан түсетін ақша аударымдарын қабылдау үшін оның банк шотын пайдаланған.

‼️ Бұл жағдай заңсыз пайда табу мақсатында көрінеу жалған ақпарат таратудың жазасыз қалмайтынын тағы бір мәрте көрсетеді. Қоғамдық пікірді манипуляциялау, азаматтарды алдау және басқа адамдарды, әсіресе кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы іс-әрекеттерге тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«HI-TECH» — КИБЕРЩИТ ДЛЯ РЕГИОНА

В нашем районе объявлен тотальный бой киберпреступности. Второй день в регионе и области в…