Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысында «PHOTO DAY IN TALDYKORGAN» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Онда Астана қаласындағы «Astana Nikon school» фотомектебінің жаттықтырушысы Максим Рожин, фотожурналист Владимир Третьяков, фототілші, фотобайқаулардың жүлдегері Сәрсенбек Қызайбекұлы келіп қызықты ақпараттарымен бөлісті.
5 сағатқа созылған шеберлік сағатына фото жанрына қызуғышылғы бар жандар, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылық қызметті облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуникациялар қызметі атқарды.
«Фотожурналистика басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика — сөйлеп тұратын жанр. Фотожурналисттің объекті тек адамдар ғана емес, саяси толқулар мен көтерілістерден ғана да құралмайды, сурет арқылы әртүрлі кадрларды көрсетуге болады, идеясы сақталса болғаны», — деді Сәрсенбек Қызайбекұлы.
Айта кетейік, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.