Басты бет Рухани жаңғыру ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР ТАРИХИ ЖЕРЛЕРМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР ТАРИХИ ЖЕРЛЕРМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

0
1,203

Журналистер мен блогерлер Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Алматы облысының Ақсу,Сарқан аудандарындағы киелі, тарихи жерлермен танысты. Шараның мақсаты Жетісу өңірінің әлеуметтік және туристік инфроқұрылымын дамыту.

Арнайы топ  Қойлық және Сағабүйен көне қалашықтарында, Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ қайнарында, ақын Сара музейі мен көне білім ордасы Мамания мектебінде болды. Екі күнге созылатын танымдық сапар әлі толық зерттелмеген, тарихы баршаға белгілі емес жерлермен танысуға бағытталды.

«Сокралды Қазақстан» картасына еңген Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ қайнары өзінің емдік суымен әйгілі. Оған Республиканың әр шетінен келетін адам саны көп.

«Өз уақытында Шоқан Уәлиханов Тамшыбұлақтың аңызы туралы жазған болатын. Ол Баян деген қыз туралы. Сол қыз күнде түнде Тамшыбұлаққа барып өзінің қайғысы мол тағдырын еске алып көз жасын төгіп отырады екен. Бұлақтағы тамшылар – сол Баянның көз жасы. Сонымен қатар, Тамшыбұлақ өзінің сиқырлы күшімен белгілі. Себебі, қыста су қатып қалмайды, балдыр жыл бойы өседі», — деді топ жетекшісі Ануар Демегенов.

Айта кетейік, ендігі сапар Кербұлақ ауданыңдағы киелі жерлерде болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…