Кең таралған пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты шарты.
Құм, саз, қиыршық тас, әктас және басқа да құрылыс материалдарын өндіру барысында карьерлерде экскаваторлар, бульдозерлер, бұрғылау қондырғылары мен ауыр техника қолданылады. Мұндай жұмыстар жоғары өндірістік тәуекелдермен байланысты болғандықтан, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге, өндірістік бақылауды ұйымдастыруға, техникалық жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге және авариялардың алдын алуға міндетті»,-дейді Алматы облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлімінің бас маманы Ернар Рустемов.
Карьерлерде жиі кездесетін қауіптердің қатарына кемерлер мен борттардың опырылуы, тау жыныстарының құлауы, арнайы техниканың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары, шаң мен шудың әсері, электр тогымен зақымдану және өндірістік жарақаттар жатады.
Жұмысқа тек медициналық тексеруден өткен, қауіпсіздік талаптары бойынша оқытылған және тиісті біліктілігі бар қызметкерлер ғана жіберіледі. Сонымен қатар барлық жұмыскерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кәсіпорындар өндірістік бақылауды тұрақты жүргізіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуі, авариялық жағдайларда әрекет етуге дайын болуы қажет.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау – заңнама талабы ғана емес, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды жауапкершілік.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Автокөлік әкелу және оны рәсімдеу ережелері өзгерді
Қыркүйектің соңынан бастап Қазақстанда шетелден автокөлік әкелу және оны рәсімдеу ережел… -
Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен жастардың отбасылық өмірге саналы түрде дайындалуына бағытталған «Неке алдындағы оқыту» бағдарламасы өткізілді.
Бағдарлама барысында қатысушылар бес маңызды бағыт бойынша пайдалы ақпараттар алып, маманд… -
Прокуратурой Уйгурского района совместно с районным отделом образования проведено мероприя…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Автокөлік әкелу және оны рәсімдеу ережелері өзгерді
Қыркүйектің соңынан бастап Қазақстанда шетелден автокөлік әкелу және оны рәсімдеу ережел…
