0
33

«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекет құрудың негізгі тіректерінің бірі. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заңның сақталуына және әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады.

Бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту ерекше маңызға ие. Әрбір азамат өз құқықтарымен қатар міндеттерін де терең түсініп, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдағы өзара сенім мен сыйластықты арттыруға ықпал етеді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Заңды құрметтеу – Отанға деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және жоғары құқықтық сананың көрінісі. Сондықтан барша азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға белсенді үлес қосуға шақырамын.

Заң үстемдік құрған қоғамда ғана тұрақты даму, бейбіт өмір және жарқын болашақ қамтамасыз етіледі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымыз болуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернет алаяқтық пен қаржылық пирамидалардан қорғау

XXI ғасыр –цифрлық технология дәуірі. Бүгінде адамдар банк операцияларын онлайн жасайды, и…