Алматы облысында кене белсенділігінің маусымы биыл әдеттегіден ерте басталды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері кене шағу бойынша 1736 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 1060-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кене шағуы адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол кене энцефалиті, Лайма ауруы, эрлихиоз, анаплазмоз, туляремия секілді жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде аса қауіпті Қырым геморрагиялық қызбасы таралу қаупі бар.
«Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар және Ұйғыр аудандары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтар саналады. Қазіргі уақытта аталған өңірлерде 738 гектар аумақта акарицидтік өңдеудің алғашқы кезеңі аяқталған»,-деді Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Сәулет Капсаламова.
Сонымен қатар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар және Ұйғыр аудандарында туляремияның табиғи ошақтары тіркелген. Бұл аумақтарда жыл сайын дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстар жүргізіледі. Биылғы өңдеу шаралары 20 сәуірден басталған.
Мамандар табиғи ошақтарда жұмыс істейтін азаматтарға кене энцефалиті мен туляремияға қарсы екпе алуды ұсынады. Облыстағы медициналық ұйымдар қажетті препараттар қорымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кене энцефалитіне қарсы вакцинаның 2044 дозасы бар, ал шілде айында қосымша 1450 доза жеткізіледі.
Сондай-ақ шұғыл профилактика үшін 15 мың мл иммуноглобулин сатып алынған. Қазіргі уақытта оның 5820 мл қоры сақтаулы және бұл кене шаққан тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуге жеткілікті.
Мамандардың айтуынша, кенелер көбіне ылғалды, көлеңкелі, шөбі қалың жерлерде кездеседі. Олар ағаштан секірмейді, әдетте биік шөп пен бұта арасында адам не жануарға жабысады.
«Егер денеден кене табылса, дереу медициналық мекемеге жүгіну қажет. Алғашқы 24–48 сағат ішінде көрсетілген көмек аса маңызды. Себебі кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин шаққаннан кейінгі 72 сағат ішінде ғана тиімді»,-деп атап өтті Алматы облысы Денаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікова.
Кене шақпаудың негізгі жолы – сақтық шараларын сақтау. Мамандар табиғат аясында ашық түсті, жабық киім киіп, шалбар балағын шұлық ішіне салуға кеңес береді. Сондай-ақ репелленттер пайдаланып, серуен кезінде дене мен киімді жиі тексеріп отыру қажет.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сонд… -
Түркітілдес мемлекеттер ұйымының Түркістан қ. өтетін бейресми саммитін өткізу барысында бірінші рет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Tesla Cybertruck базасындағы командалық-штабтық машинасы (КШМ) қолданылады.
Бұл КШМ әзірленбеген аудан/аймақтарда бөлімшелерді басқару, байланыс және іс-әрекеттерді ү… -
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан аумағында кезекті «Таза бейсенбі» тазалық акциясы өтеді.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді
Алматы облысында мүгедектікті белгілеу мен әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау процесін…
