Басты бет Заң және қоғам СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

0
19

Кез келген дамыған, тіпті өркендеген мемлекеттердің өзінде сыбайлас жемқорлық деген жегі құрт етек жаятын құбылысқа айналды. Ол әрине қоғамның ілгері дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, адамдардың санасын улап жатқанын да жақсы түсінеміз. Арнайы заң шығарылып, ол қатаңдана түскен сайын, жемқорлықтың жолын кесіп тастау мүмкін болмай отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі таңда мемлекет саясатының ең өзекті әрі басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар тек құқық бұзушылықтарды анықтау немесе жазалау шараларымен шектелмей, ең алдымен оның алдын алу, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысы жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарын санаға қалыптастырумен басталады десем артық айтқандық бола қоймас. Дей тұрғанмен бұл құбылысқа толық тосқауыл қойылмай келе жатқаны да жасырын емес.

Қазақстанда соңғы жылдары «Адал азамат», «Заң мен Тәртіп», «Еститін мемлекет» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық сана қалыптасып келеді. Оның да нәтижесін көретін күн алыс емес деп ойлаймын. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналуда.

Осы орайда  ауданда да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, оның алдын алу және халық арасында «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Есепті кезеңде жүргізілген жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып өтсем:

Біріншіден, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Ауданның 14 ауылдық округін толық қамту мақсатында халық көп шоғырланатын орындар мен әкімшілік ғимараттарда 18 арнайы баннер орнатылды. Бұл баннерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен «1424» жедел желі нөмірлері көрсетілген. Мұндай көрнекі ақпарат құралдары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етуде.

Екіншіден, цифрлық кеңістіктегі жұмыс жайлы айтар болсам,
қазіргі таңда ақпараттың негізгі таралу алаңы – интернет. Осыны ескере отырып, әлеуметтік желілер мен ресми интернет-ресурстар арқылы барлығы 114 ақпараттық жарияланым жарық көрді. Бұл жұмыстар әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталғандығын баса айтқым келеді. Жастардың бойына адалдық, тазалық дәнін себетін болсақ, ертеңіміз жарқын болары анық.

Үшіншіден, тікелей кездесулер мен іс-шаралар. Осы тақырыпта аудан көлемінде 61 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 30 кездесу мемлекеттік қызметшілер мен сала мамандарының қатысуымен өткізілсе, 31 түрлі форматтағы акциялар мен ашық есік күндері ұйымдастырылды. Бұл шаралар халықпен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Төртіншіден, сараптамалық талқылаулар. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 31 дөңгелек үстел өткізіліп, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары және әлеуметтік көмек көрсету салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді.

Жалпы алғанда, атқарылған бұл жұмыстар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға оң әсерін тигізуде деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда ауданымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында заманауи құралдардың бірі – комплаенс қызметі кезең-кезеңімен енгізілуде. Атап айтқанда, қазіргі уақытта аудандық Су құбыры мекемесінде және аудандық мәдениет үйінде комплаенс-офицерлер өз қызметтерін атқаруда. Бұл – ішкі бақылауды күшейтіп, ашықтық пен адалдық қағидаттарын орнықтыруға бағытталған маңызды қадам.

Осы тәжірибені ескере отырып, алдағы уақытта комплаенс институтын тәуекел деңгейі жоғары және халықпен тікелей жұмыс жасайтын басқа да салаларға енгізу орынды деп санаймын. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына, денсаулық сақтау мекемелеріне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына, жер қатынастары және сәулет бөлімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағытындағы мекемелерге кезең-кезеңімен енгізу ұсынамын.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу процестерін жүзеге асыратын ұйымдар мен ауылдық округ әкімдіктерінде де комплаенс қызметін дамыту – ашықтықты қамтамасыз етудің тиімді тетігі болмақ.

Жалпы алғанда, комплаенс қызметін кеңінен енгізу арқылы біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп қана қоймай, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халықтың сенімін арттыра аламыз.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда мемлекеттік басқаруда цифрландыру, ашықтық, қоғамдық бақылау бағыттарына ерекше көңіл бөлінуде. Электрондық қызметтерді дамыту, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен кері байланысты күшейту – жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдары болып отыр.

Алдағы уақытта бізге келесі бағыттарға ерекше назар аудару қажет:

  • алдын алу жұмыстарының сапасын арттыру;
  • әрбір ауылдық округтегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау;
  • тұрғындардың құқықтық мәдениетін жүйелі түрде көтеру;
  • жастар арасында адалдық құндылықтарын нығайту;
  • мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігін күшейту.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, әділдік пен адалдық қағидаттарын ұстанғанда ғана біз шынайы нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз әділетті, ашық және сенімге негізделген қоғам қалыптастырамыз.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады деп сенемін.

Бота Елеусізова,

Ұйғыр ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ

Ғасыр індеті сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және жолын кесу әрбір Қазақстан Республикасыны…