Аталған іс-шараның басты мақсаты – аудан аумағында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру болды. Сенбілік барысында көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
✨ Әрбір жасалған игі іс – таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта
