Басты бет Әр қилы ҚҰСТАР – ТАБИҒАТТЫҢ ТІРІ ӘУЕНІ

ҚҰСТАР – ТАБИҒАТТЫҢ ТІРІ ӘУЕНІ

0
19

Жыл сайын 1 сәуірде аталып өтетін Құстар күні – табиғатқа жанашырлық танытып, қанатты достарымызды қорғауға үндейтін ерекше мереке. Осы орайда еліміздің ерекше қорғалатын аумақтарының бірі – Шарын ұлттық паркінің аумағындағы құстар әлеміне назар аудару аса маңызды.

Шарын ұлттық паркі – тек табиғи сұлулығымен ғана емес, бай биоалуантүрлілігімен де ерекшеленетін өңір. Бұл аймақта құстардың көптеген түрлері мекендейді. Олардың қатарында жыртқыш құстар да, ұсақ сайрағыш құстар да бар. Әсіресе, аспанда қалықтаған қырандар мен бүркіттер бұл өңірдің символына айналған десек қателеспейміз.

Шарын ұлттық паркінде кездесетін құстардың бірі – дала қыраны. Балапандар ұядан ұшқаннан кейін бірнеше апта бойы ата-анасына тәуелділігін жоғалтпайды. Айта кетейік, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, яғни, ол сирек және қорғалатын құс түрі болып саналады. Сонымен қатар, мұнда ителгі мен үкі сияқты сирек кездесетін құстар да тіршілік етеді.

Көктем мезгілінде ұлттық парк аумағы ерекше жандана түседі. Жылы жақтан ұшып келген құстар өз ұяларын салып, табиғатқа жан бітіреді. Олардың әуезді үні шатқал ішін жаңғыртып, табиғаттың тірі оркестріне айналады.

Алайда, табиғаттың бұл әсемдігін сақтау – әрқайсысымыздың міндетіміз. Соңғы жылдары адам әрекетінің әсерінен кейбір құстардың саны азайып барады. Сондықтан табиғатты қорғау, құстардың мекен ету ортасын бұзбау – басты назарда болуы тиіс.

Осыған орай «Парктер шеруі-2026» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ерен тоғайы аумағында Бахар ауылының “А.Розыбакиев атындағы орта мектебі” оқушыларымен бірлескен экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара екі команда арасында сайыс түрінде өтті. Қатысушылар құстарға ұя жасау сурет салу сұрақ-жауап кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты.

Парк қызметкерлері оқушыларға ұлттық парк аумағында мекендейтін құстар туралы танымдық ақпарат беріп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді.  Іс-шара барысында парк аумағына құстарға арналған ұялар ілініп, қанатты достарымызға қамқорлық көрсетілді.

Құстар күні – тек мереке емес, бұл – құстарға қамқорлыққа себеп. Құстарды қорғау арқылы біз болашақ ұрпаққа табиғаттың баға жетпес байлығын аман жеткізе аламыз. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір ілінген ұя  – табиғатқа қосқан үлкен үлес.

Ерболат Нарұл,

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің гид-нұсқаушы маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Топ-менеджеры более 150 организаций Казахстана и региона пройдут обучение по ИИ у профессоров Stanford University HAI и экспертов OpenAI Academy

1 / 4 В рамках реализации поручения Главы государства по системной цифровизации и внедрени…