
Жаңа Конституция жобасы – еліміздің дамуы мен демократиялық құндылықтарын нығайтудағы маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқын қорғап, халықтың мемлекет басқару процесіне тікелей қатысу мүмкіндігін арттырады. Осы арқылы қоғамдағы әділдік пен теңдік қағидалары күшейеді, билік пен халық арасындағы сенім дамиды.
Сонымен бірге, жаңа Ата Заң мемлекеттік құрылымды тұрақты әрі сенімді етеді, елдің ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Табиғатты қорғау, әлеуметтік әділеттілік және құқықтық тәртіп сияқты негізгі принциптер Конституция деңгейінде бекітіліп, әр азаматтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл құжат Қазақстанның егемендігін әрі қарай нығайтып, халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын, тұрақты және әділ қоғам құруға негіз болады.
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Г. Муртузаева
