Басты бет Ата Заң Коалиция өкілдері Шонжы ауылындағы №1 орта мектеп ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері Шонжы ауылындағы №1 орта мектеп ұжымымен жүздесті

0
31

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Шонжы ауылындағы №1 орта мектебінің педагогтерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы құқықтық тепе-теңдік тетіктерін түсіндірді.

Кездесуде тәуелсіз Конституциялық Соттың құрылатыны және оның заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін тексеру құзыретіне ие болатыны айтылды.
«Конституциялық Сот – құқық үстемдігінің негізгі тірегі. Ол қабылданатын заңдардың Конституцияға сәйкестігін бағалап, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл – саяси шешімдердің құқықтық сүзгіден өтуін қамтамасыз ететін маңызды институт», – деді коалиция мүшесі Ербол Нурсеитов.

Кездесу соңында педагогтер референдумның елдің құқықтық болашағын айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Коалиция мүшелері Шонжы ауылының тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалици…