Басты бет Заң және қоғам МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

0
44

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Мәселен, Департаментпен 2025 жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша 60үстеме жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілерге 120 тынығу сағаттары беріліп, құқықтары қалпына келтірілді. 4 мемлекеттік қызметшіге 1 198 564 теңге іссапар шығындары төленіп, 2 мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы беріліп 3 049 455 теңге төленді.

Бұдан бөлек, 2025 жылы мемлекеттік органдарға бару және қашықтықтан  жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 337 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, жалпы 674 тынығу сағаттары берілді.

Сонымен қатар, арыз қарау нәтижесі бойынша 3 мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы 972 042 теңге, 1 мемлекеттік қызметшіге 277 687 теңге көлемінде сыйақы төленіп, 4 мемлекеттік қызметшілердің құқығы қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы Департаментпен «Алматы облыстық сәулет және қалақұрлысы басқармасы» ММ-не қатысты арыз негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы беру тәртібінің заңдылығының сақталуына қатысты мән-жайлар қаралды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес әрбір мемлекеттік қызметші кемсітусіз, тең еңбек жағдайында және белгіленген тәртіппен сыйақы алуға құқылы. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттеледі және бірдей талаптар мен көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

Тексеру нәтижесінде мерекелік күндерге орай белгіленген сыйақыларды төлеу барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілерге қатысты теңдік қағидатының сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге толық көлемде төленген сыйақы сомасы нақты бір қызметшіге толық көлемде аударылмаған. Бұл жағдай еңбек құқықтарын іске асыру кезінде кемсітушілікке жол бермеу қағидатына қайшы келеді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент тарапынан тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізілді. Мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, толық төленбеген сыйақы сомасын өндіру және алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

Нәтижесінде, 2 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 2 185 524 (екі миллион жүз сексен бес мың бес жүз жиырма төрт) теңге төленіп, құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі екенін атап өтеді.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің тірегі. Олардың құқықтарының сақталуы – әділетті әрі тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырудың басты шарты. Заң талаптарының бұзылуына, әсіресе еңбек құқықтарының шектелуіне жол берілмейді. Әрбір өтініш мұқият қаралып, құқық бұзушылық анықталған жағдайда нақты шаралар қабылданады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау әрі қарай да жалғасатын болады.

С.Б.КАМОЛИДДИНОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша Департаментінің бақылау

басқармасының бас маманы                                   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ — ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

Сыбайлас жемқорлық – бұл әрқайсысымызға қатысы бар мәселе, ол азаматтардың мемлекеттік инс…