Басты бет Көкжиек АҚТАМНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ

АҚТАМНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ

0
46

Заманауи әлемде елдер мен мемлекеттер тек білім арқылы ғана бақталаса алатындықтары риясыз шындық. Білімнің табысы ірі қалалардағы зәулім ғимараттардағы әсем жабдықталған мектептерде ғана десек қателесеміз. Шағын ауылдардағы ұлттық құндылықтармен сусындаған, ауылдың мәдениетін бойына сіңірген, жаңашылдықпен қаруланған білім ошақтарынан да көруге болады бұл табысты.

Ақтам – аудандағы шағын ауылдардың бірі. Бұл ауыл тұрғындары өздерінің ынтымағы мен татулығы, береке, бірлігімен тілге алынады. Ал мектебі өзінің талантты шәкірттерімен мақтанады. 267 балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған мектеп алдыңғы қатарлы білімге құмар оқушылардың алаңы десек артық айтқандық бола қоймас.

Білім ошағы «Оқуға құштар» және «Сәулелі ғұмыр» көлемді жобаларын жүзеге асырып келе жатқан мектеп ретінде де мақтаулы. Аталмыш мектептің түлегі, ауылдың тумасы Сәуле Досжан бүгінде республикаға танымал журналист, ақын, мәдениет қайраткері, ұлттық Құрылтайдың белді мүшесі. Биік лауазымдарда болса да, ол өзінің білім алған ордасынан ешқашан қол үзіп көрген емес. Кітап оқуға құмарлық пен білім алуға құштарлыққа балаларды баулып келе жатқан Сәуле Мағазбекқызының ауыл мектебіне қосып келе жатқан үлесі орасан. Балалардың рухани жағынан дамуы үшін Сәуле апамыздың арнайы бұрышы бар. Онда кітап көрмесі мен Сәуле Мағазбекқызының «Жыр тәжі», «Ауылдан шыққан миллионер» шығармаларын балалар сахналап, әркез кітаптарын талқылап отырады, – деді мектеп директоры Бақыт Жақыпова бізбен болған әңгімесінде.

Сондай-ақ рухани тәрбиенің ажырамас бір бөлігі ретінде «Ақтамым менің» атты патриоттық әндер конкурсы мен «Болашағы елімнің» атты поэтикалық марафон да  оқушылардың бойына тазалық пен Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіріп келе жатқандығы даусыз. Облыстық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен оқу үздіктеріне арнайы стипендия тағайындалғандығы біздің мектептен бастау алғандығын айтпасқа болмас, – деген мектеп басшының сөзінен мақтаныш сезімі аңқып тұрды.

«Жасанды интеллектіні оқу кезінде пайдалану: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» атты семинар-практикум аудан бойынша 75 педагогтың басын қосып, мектебіміздің білімге деген ұмтылысының тағы бір қырын танытты, – дейді Бақыт Жақыпова. Мұнда жасанды интеллект пен цифрлы шешімдер ашық сабақтарды жаңаша үлгіде көрсетті. Жасанды интеллектінің де тиімді тұстарын дәлелдеді.

Қазақстан тарихы сабағында Р.Есенбаеваның жетекшілігімен 1920-1937 жылдардағы репрессияның қазақ халқына әкелген зардабын тереңірек танытуға жасанды интеллектінің көмегі тиді. Филология кабинетінде пән жетекшілері Г.Камалова мен С.Сонуровалар қазақша, ұйғырша әдеби шығармаларды жасанды интеллект арқылы басқаша реңге боялатындығын көрсетті. Өлең оқу мәнерінің өзгешелігін танытты оқушыларға. Нақты пәндер бойынша да дәл осындай жетістіктер ұсынылды. Информатика пәнінің мұғалімі А.Абдилдаева, ағылшын пәнінің мұғалімі З.Намановалар оқиғаларды шығармашылық зертханаға айналдыра алды. Осылардың барлығының басы-қасында жүрген мектеп директоры Бақыт  Жақыпова ірі қала мекетептерінен ешқандай өзгешелік жоқтығын, ауыл мектебінде де цифрлы және жасанды интеллектіні пайдаланып, сабақтарды түрлендіруге болатындығын дәлелдедік, – дейді.

Семинардың бірінші бөлімі оқушылардың жаңашылдықты қабылдауына арналса, екінші бөлім педагогтардың өсу деңгейіне бағытталды. Мұғалімдер  жаңашылықты қабылдауға қаншалықты дайын және қабілетті екендіктерін көрсетті. Жасанды интеллектінің және «ActionResearch» әдістерін қолдану жолдарын ұсынды.

– Нейрожелілер педагог қызметінде таптырмас сараптамалық көмекші болатындығын ұқтырғымыщ келді, – дейді мектеп басшысы Бақыт Сахиқызы. Әсіресе математика мен химия пәндерінің мұғалімдері шешуі қиын есептерде мықты көмекші екендігін мойындады. Әрине жасанды интеллект кітапты алмастыра алмасы анық. Бірақ мұғалімге де, балаға да көмекші құрал екендігі даусыз. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешуіне жақсы көмекші. Жасанды интеллект туралы әркім әрқилы пікірлер білдіріп жатыр. Оның адамды, кітапты, оқулықты алмастыра алмасы анық, дей тұрғанмен бүгінгідей зымырандай зулаған заманда дамыған көштен қалдырмасы тағы ақиқат.

Аталмыш мектептегі шара цифрлы трансформацияның OnlineTestPad платфорасы арқылы кез келген ауыл мектебінде жасалуына болатындығын дәлелдеді. Оның негізі – дәстүрлі мәдениет, әдебиет және технологиялық шешімдердің талантты оқушы мен қабілетті мұғалімдер арқылы алға қарыштап қадам басуына ешқандай шекараның болмайтындығы. Ақтам орта мектебі инновациялық тәжірибесі жалпы аудандағы білім ошақтарына үлгі боларлықтай. Олардың заман ағымына ілесіп, жаңашылдықпен жүзеге асырып жатқан істері мұғалімдердің жаңа технологияға деген қызығушылықтары мен оқушылардың жасанды интеллект дәуіріне қарыштап қадам басулары деуге болады.

Әсел МҰҚАШЕВА

АҚТАМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШАБЫТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

А.Розыбакиев атындағы орта мектепте орыс тілі мен ұйғыр тілі пән бірлестігінің «Полиглот» …