Киелі Алатау өңірінде ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Алматы облысының «Келешек» мектебінде жалауы желбіреген бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Алматы облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Алматы облысы білім басқармасы басшысының м.а. Ақмарал Атенбекова өңірдегі білім саласының жаңа қарқынына тоқталды: «Алматы облысы – қарқынды дамып келе жатқан, урбанизация деңгейі жоғары өңір. Сондықтан біздің алдымызда тұрған басты міндет – ауыл мектебін тек білім ошағы емес, заманауи технологиялар мен инновацияның орталығына айналдыру. Бүгінгі семинар Алматы облысы ұстаздарының әлеуетін арттырып, «Келешек» мектебі сияқты білім ордаларын жаңа белеске шығарады. Біз ауыл оқушысының мегаполис оқушысымен тең мүмкіндікке ие болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз», — деп сенім білдірді.
Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесінің жаңа үлгісін ұсынды: «Біз бүгін «Адал азаматты» тек кітаппен емес, қауіпсіз цифрлық ортада тәрбиелеуіміз керек. Алматы облысы сияқты ақпараттық ағын өте жылдам өңірде балаларды кибербуллинг пен құмар ойындардан (лудомания) қорғау — басты басымдық. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бұл жоба арқылы әрбір ауылдық отбасына заманауи психологиялық және әдістемелік көмектің жетуін қалайды. Баланың қауіпсіздігі — ұлттың қауіпсіздігі», — деп түйіндеді. Ал «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл мектебінің жаңа миссиясын жариялады: «Ауыл мектебі – бұл жай ғана ғимарат емес, бұл біздің мемлекеттігіміздің іргетасы. «Ауыл» партиясының ұстанымы нақты: біз ауыл мұғалімін жаңа дәуірдің «креативті менеджері» ретінде көреміз. Ол жасанды интеллектіні меңгерген, жаһандық трендтерден хабардар тұлға болуы тиіс. Ауылдан шыққан әрбір оқушы әлемдік деңгейдегі маман бола алатындай жағдай жасау – біздің саяси жауапкершілігіміз. Бұл семинар – ауылдың кадрлық резервін жасақтаудың басы», — деді ол.
Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды. «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq Digital Mektebi» жобасы мен цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қызу талқыланды. Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, төмендегідей маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты: Әлеуметтік тәуекелдермен күрес: Балалардың гаджеттерге тәуелділігі мен лудоманияның алдын алу; Цифрлық сауаттылық: Оқу үдерісінде Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; Киберқауіпсіздік: Мұғалім мен оқушының виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениеті; Жаһандық білім: Ауыл мұғалімдері мен түлектеріне арналған халықаралық бағдарламалар мен басқарудың икемді (Agile) тәсілдері.
«Келешек» мектебінде өткен бұл семинар-тренинг – ауыл мектебінің жай ғана білім ордасы емес, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан үлкен орталыққа айнала алатынын дәлелдеді. Жиын соңында қатысушылар (барлығы 200 адам) ауылдық білім сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар жиынын әзірледі.
Басты бет Әр қилы Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Түймебаев ауылының «Келешек» мектебінде «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
«Жастар және заң: сталкинг, қысым көрсету және олардың салдары» тақырыбында Шонжы Политехникалық колледжі студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында жастардың құқықтары, жеке бостандық және қауіпсіздік мәселелері кеңінен … -
В Алматинской области организован республиканский семинар-тренинг «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі»
В школе «Келешек» села Туймебаева Ащыбулакского сельского округа Илийского района Алматинс…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
В Алматинской области организован республиканский семинар-тренинг «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі»
В школе «Келешек» села Туймебаева Ащыбулакского сельского округа Илийского района Алматинс…
