Жаңа Ата Заң – бұл тек құқықтық құжат қана емес, ол еліміздің ертеңіне бағыт беретін стратегиялық бағдар. Конституциядағы жаңашыл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, халықтың мүддесін қорғауды басты орынға қояды. Әр азаматтың құқығы мен бостандығы айқындалып, әділдік пен заң үстемдігі басты құндылық ретінде бекітіледі.
Бүгінгі өзгерістер – болашақ ұрпақтың тұрақты әрі қауіпсіз өмір сүруіне жасалған маңызды қадам. Жаңа Конституция ел бірлігін күшейтіп, қоғамдық келісімді сақтауға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықтың пікірін ескеріп, шешім қабылдау үдерісіне қатысуы – нағыз демократиялық қоғамның белгісі.
Сондықтан Жаңа Ата Заң – Қазақстанның дамуына серпін беретін, егемендігімізді нығайтатын және жарқын болашаққа бастайтын берік негіз. Бұл – әрқайсымыздың ортақ таңдауымыз бен ортақ жауапкершілігіміз.
НУРСЕИТОВ ЕРБОЛ
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы
