Конституцияда өлім жазасына тыйым салынуы адамның өмір сүру құқығын абсолютті түрде бекітіп, мемлекеттің гуманистік бағыттағы ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл норма құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарына толық сәйкес келеді және адам қадір-қасиетін қорғауды ең жоғарғы деңгейге шығарады.
Өлім жазасынан бас тарту – жазалау саясатындағы ізгілендіру бағытының нақты көрінісі. Мұндай қадам қылмыстық әділет жүйесінде адам құқықтарын сақтау кепілдіктерін күшейтіп, қайтымсыз қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шешім сот төрелігінің әділдігі мен заң үстемдігіне деген қоғамдық сенімді арттыруға ықпал етеді.
Аталған норма халықаралық адам құқықтары стандарттарымен үндесіп, Қазақстанның өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде жаһандық қауымдастық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді. Жалпы алғанда, өлім жазасына тыйым салу қоғамда адам өміріне деген құрметті нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды конституциялық кепіл болып табылады.
А. Құсайынов, “Қоғамдық келісім даму орталығы” КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы
