Отбасы институты қоғамның негізгі тірегі ретінде айқындалып, некенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құқықтық тетіктердің енгізілуі қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.
Бала құқықтарын қорғау мәселесінің конституциялық деңгейде бекітілуі олардың қауіпсіз өмір сүруіне, жан-жақты дамуына және заңды мүдделерінің толық қамтамасыз етілуіне берік негіз қалайды. Бұл ретте мемлекет, ата-ана және қоғам арасындағы жауапкершіліктің нақты айқындалуы бала тәрбиесінің сапасын арттырып, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға ықпал етеді.
Аталған өзгерістер отбасылық саясаттың жүйелі түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде тұрақтылық пен сабақтастықты күшейтеді. Жалпы алғанда, Конституция жобасында көзделген бұл нормалар қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және балалардың болашағын қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық маңызға ие.
Гүлжаһан Аликеева, аудандық аналар кеңесінің төрағасы
