Басты бет Ата Заң КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

0
54

      Бүгін Астана қаласында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді, орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойып, комиссияның ережесі мен құрамы бекітілген болатын.

Конституциялық комиссия елдегі саяси-құқықтық реформаларды жүйелеу, Ата заңға енгізілетін ықтимал өзгерістерді сараптау және ұсыныстар әзірлеу бағытында жұмыс жүргізеді.

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Атап айтсақ, Жұмыс тобының мүшелерінен бөлек, азаматтардың ұсынысын ескеру. V Ұлттық құрылтайда Президент ұсынған мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке – Құрылтайға өткізу, Халық кеңесін құру, Вице-президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелерді жан-жақты әрі кешенді түрде зерделеп, пысықтау.

Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы, сондай-ақ бірнеше айға ұласқан пікірталастар барысында қалыптасқан ауқымды қоғамдық сұранысқа берілген жауап болды.

Қазақстан Республикасы саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Мемлекет басшысы әрі қарайғы дамудың институционалдық тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, тежемелік тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық механизмдерді жаңарту арқылы ғана мүмкін екенін айқын атап көрсетті.

Отырыста Ерлан Карин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталып, Ұлттық құрылтайда көрсетілген бағыт-бағдарларды атап өтті. Бұл комиссия жұмысынан күтеріміз көп. Ұлттық деңгейде көптеген  шешілмеген мәселелер жүзеге асатындығына сенімдімін. Саналы ғұмырым халықтың қамын жеумен өтті. Кәсіподақтың ардагерімін. Құрылтайдағы бастамалардан үміт күтіп, ертеңіміздің жарқын болатындығына сенімдімін.

Кәрібай ҚОЖАҒҰЛ,

Еңбек ардагері

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзгерістер көңілге қонымды

Ата Заңға өзгеріс енгізетін комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбае…