Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол мемлекеттің негізін әлсіретіп, азаматтардың билікке деген сенімін жояды және әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Қандай формада және қандай көлемде болса да, сыбайлас жемқорлық әрдайым қоғамдық мүддеге зиян келтіреді.
Сыбайлас жемқорлықтын негізінде билікті және пайда үшін асыра пайдалану жатыр. Ол парақорлық тамыр – таныстық, ресурстарды заңсыз бөлу, сондай-ақ шешімдерді заңға емес, сыйақыға сүйеніп қабылдау түрінде көрініс табады. Мұндай әрекеттер құқықтық мемлекетке тән әділдік пен теңдік қағидаттарын бұзады.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті жағы – егер қоғам оған қарсы тұрмаса, ол біртіндеп «қалыпты жағдайға» айналады. Адамдар мәселелерді ақша немесе таныс арқылы шешуге үйренген кезде, заң өз күшін жоғалтып, адал еңбек құнсызданады. Нәтижесінде ережені сақтайтындар зардап шегіп, оны бұзатындар марапатталады.
Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық салдары да өте ауыр. Мемлекеттік қаражат тиімсіз жұмсалады, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым сапасы төмендейді. Инвесторлардың сенімі азайып, халықтың өмір сүру деңгейі құлдырайды. Мұның барлығы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік пен шиеленісті күшейтеді.
Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заңдар мен шаралары арқылы ғана жүзеге аспайды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетті қалыптастыру – заңға құрмет, адалдық пен жауапкершілікті тәрбиелеу – маңызды рөл атқарады. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа, тіпті жанама түрде қатысуының өзі қоғамды күйретуге үлес қосу екенін түсінуі тиіс.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқықбұзушылық емес, елдің болашағына төнген жүйелі қауіп. Оны жеңу мемлекетпен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана мүмкін, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ортақ құндылыққа, ал адалдық өмірлік нормаға айналған жағдайда.
Ерік Оразғалиұлы Кудайбердиев,
Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы
бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу басқармасының бас маманы
