Басты бет Әр қилы МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

0
37

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттің тірегі, қоғаммен тікелей байланыс орнататын сенімді институт. Мемлекет пен азаматтар арасындағы көпір бола алатын, тиімді шешімдер ұсынатын, қоғам мүддесіне жұмыс істейтін кәсіби аппарат қалыптастыруда жастардың рөлі ерекше. Бүгінгі күнде Қазақстанда мемлекеттік қызметке жастардың қызығушылығы артып келеді. Дегенмен, бұл қызығушылықты тұрақты кадрлық ресурсқа айналдыру үшін нақты жүйелі жұмыстар атқарылуы қажет.

Жастар неге маңызды?

Қазіргі жастар — ақпараттық технологияны жетік меңгерген, шет тілдерін білетін, жаһандық трендтерге бейімделе алатын, бастамашыл және жаңашыл буын. Олар бюрократиялық кедергілерден гөрі, ашықтық пен нәтижеге бағытталған басқару моделін қалайды. Мемлекеттік аппарат дәл осындай икемділікке ұмтылғанда ғана заман талабына сай тиімді бола алады. Сондықтан мемлекеттік қызметті жастар үшін тартымды ету – ұлттық мүдде.

Қандай қадамдар жасалып жатыр?

Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі бірнеше маңызды бағыттар іске асырылып отыр:

  1. Үздік түлектерге артықшылық беру

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның жаңа нормаларына сәйкес, жоғары оқу орнын «үздік» дипломмен аяқтаған түлектер ауылдық және аудандық деңгейдегі әкімдіктерге конкурссыз тағайындала алады. Бұл – талантты жастарды мемлекеттік қызметке ертерек тартуға және олардың қабілеттерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін нақты тетік.

  1. Университеттермен тығыз серіктестік

Жоғары оқу орындарында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, ақпараттық кездесулер, семинарлар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – студенттерге мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктерімен ерте танысуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, оқу орындарында “Мансап орталықтары” арқылы кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.

  1. “Жас Мемлекеттік қызметші” жобасы

Жас мамандардың әлеуетін арттыру үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында:

* жаңа келген қызметкерлерге тәлімгерлер бекітіледі;

* бейімделу кезеңінде оқыту семинарлары өтеді;

* өңірлік және республикалық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі;

* жастар кеңестері арқылы олардың ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсетіледі.

Қабылдаудың әділдігі – сенім кепілі

Жастарды тарту үшін ашық және әділ іріктеу жүйесі аса маңызды. Қазіргі таңда конкурстар электронды форматта, «Е-қызмет» платформалары арқылы жүргізілуге біртіндеп өтуде. Бұл:

* адами фактордың ықпалын азайтады;

* білімі мен біліктілігіне қарай іріктелуге мүмкіндік береді;

* жастардың сенімін арттырады.

Ұстап қалу – ең өзекті мәселе

Жастар мемлекеттік қызметке келді делік. Енді оларды ұзақ мерзімге ұстап қалу – кадрлық тұрақтылық пен сапаның негізі. Ол үшін мынадай шаралар іске асуда:

  1. Жүйелі мансаптық даму

Жас қызметкерлер үшін мансаптық саты ашық әрі нақты. Конкурс арқылы жоғарылау мүмкіндігі бар. Әрбір қызметкерге жеке даму жоспары құрылып, оған сәйкес оқыту курстары ұсынылады.

  1. Жобалар арқылы ынталандыру

Мемлекеттік органдарда жүзеге асатын жобаларға жастар белсенді тартылып, нақты нәтижеге жауапты болады. Бұл – жауапкершілікті қалыптастырып, тәжірибені нақты іске байланыстыруға көмектеседі.

  1. Жаңа форматтағы жұмыс ортасы

Көптеген мемлекеттік мекемелерде жастарға арналған кеңселер, коворкинг аймақтары, бейресми пікір алмасу алаңдары ашылуда. Сондай-ақ, жұмыс уақытының икемді формасы (гибкий график) енгізіліп, нәтижеге негізделген бағалау жүйесі енгізіліп келеді.

Мемлекеттік қызметті жастар үшін неге тартымды ету қажет?

Жастар үшін жалақыдан бұрын:

* мансаптық өсу мүмкіндігі,

* қоғамға пайдалы болу,

* жауапкершілік пен сенім маңызды.

Егер осы үш фактор мемлекеттік қызметте нақты көрініс тапса — онда бұл сала жастардың таңдауы болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет имиджін арттыру да маңызды. Жас мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуы қажет

Алда не күтіп тұр?

Алдағы уақытта Агенттік тарапынан төмендегідей жұмыстар жалғасады:

* үздік түлектерге арналған конкурссыз қабылдауды кеңейту;

* IT саласының жас мамандарын тарту үшін арнайы бағдарлама енгізу;

* жастармен кері байланыс механизмдерін күшейту;

* жас мемлекеттік қызметшілер форумдарын өткізу.

Қорытынды

Жастар – мемлекеттің қуатты ресурсы. Мемлекеттік қызмет – бұл ел дамуына тікелей үлес қосатын алаң. Біз жастардың бойындағы білімді, жігерді, құндылықтарды мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізе алсақ – онда еліміздің басқару жүйесі мықты, тиімді және халыққа жақын болмақ.

Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі алдағы уақытта да жастарды мемлекеттік қызметке тарту және оларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

                                       Сунатиллаев Дильмурат Сайфуллаұлы,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР