Басты бет Жолдау Жаңа дәуір сатысында

Жаңа дәуір сатысында

0
118

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген парламенттік реформа – еліміздің саяси жаңғыруындағы маңызды белес. Бұл қадам Парламенттің рөлін күшейтіп, халықтың үнін естіртуге, әділетті қоғам орнатуға бағытталған. Жаңа өзгерістер – демократиялық мәдениеттің өркендеуін айқындайтын тарихи кезең.

Мемлекет басшысы бұл реформаны бұған дейін жүргізілген өзгерістердің заңды жалғасы екенін атап өтті. Соңғы жылдары елімізде жүзеге асқан саяси жаңғырулар билік пен халық арасындағы диалогты күшейтіп, қоғамдағы сенімді нығайтты. Енді Парламенттің рөлін күшейту – осы өзгерістердің қисынды жалғасы әрі демократиялық мәдениеттің өркендеуінің айқын көрінісі.

Біз «Әділетті Қазақстанды» құру жолындамыз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты – басты ұстанымымыз. 2022 жылғы референдумда халық   «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына дауыс берді. Бұл – елдің болашаққа деген сенімі мен азаматтық белсенділігінің белгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде Сенаттың тарихтағы орнына да тоқталды. Жоғары палата елдің ең күрделі кезеңінде құрылып, саяси тұрақтылықтың тірегіне айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еңсеріп, мемлекетке мызғымас іргетас қалағаны – тарих алдындағы ақиқат. Бүгінде елдің саяси мәдениеті өсіп, азаматтардың белсенділігі артқан шақта Сенаттың да қызметі жаңа мазмұнмен толығуы тиіс.

Саяси реформа тек билік құрылымын өзгертумен шектелмейді. Ол – қоғамның азаматтық жауапкершілігінің айнасы, халық мәдениетінің көрсеткіші. Парламенттің ықпалды болуы – халықтың дауысын айқындап, пікірін ашық айтуға мүмкіндік береді. Бұл – жаңа дәуірдің басталғанының белгісі.

Президент атап өткендей, реформа – үздіксіз жүретін үдеріс. Бүгін жасалған қадам ертеңгі ұрпақтың тағдырына ықпал етеді. Сондықтан парламенттік реформа – Қазақстанды әділетті, демократиялық мемлекетке айналдырудағы стратегиялық шешім.

Бүгінде біз жаңа дәуірдің есігін ашып тұрмыз. Бұл дәуірдің өзегі – халықтың сөзі, еркі мен таңдауы. Елдің ертеңі әр азаматтың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан «Әділетті Қазақстанды» құру – Президент пен Парламенттің ғана емес, барша жұрттың ортақ парызы.

Саян АХМЕТОВ,

аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНГЕН ҰЛТ ҚАНА ОЗАДЫ

Бүгінгі заманда білім мен ғылым – мемлекеттің ең қуатты қаруы. Президент Қасым-Жомарт  Тоқ…