Олар елімізді цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатыр. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс. Әрине, елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы – зор жетістік. Бірақ мұны Үкімет те, бүкіл қоғам да Қазақстанды, шын мәнінде, цифрлық мемлекетке айналдыратын жан-жақты және қарқынды жұмыстың бастауы ретінде қабылдауға тиіс. Осы міндетті тиімді орындау үшін Үкімет цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді. Онда бастамалар мен жобалардың бәрі жалпыұлттық стратегия аясында біріктірілетін болады. Түптеп келгенде, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол дей аламыз». t.me/aqorda_resmi
Басты бет Жолдау Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы үшін айрықша маңызды.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді
Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс… -
Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді
23 тамызда Қалжат ауылдық округіндегі №917 сайлау учаскесіне бір мезетте бірнеше жүк көліг… -
Жаңа шаңырақ иелерінің маңызды күндегі таңдауы
Бүгін Құрылтай сайлауы күні өмірлеріндегі тағы бір қуанышты әрі маңызды оқиғаға қадам басқ…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНГЕН ҰЛТ ҚАНА ОЗАДЫ
Бүгінгі заманда білім мен ғылым – мемлекеттің ең қуатты қаруы. Президент Қасым-Жомарт Тоқ…
