Басты бет Денсаулық МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ӨТКІЗУ НЕГІЗДЕРІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ӨТКІЗУ НЕГІЗДЕРІ

0
202

МӘС (Медициналық – әлеуметтік сараптама) өткізу негізі – медициналық ұйымның дәрігерлік – консультациялық  комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) мынадай мақсаттарда жолдауы болып табылады:

  1. ағза функцияларының тұрақты бұзылуы кезінде алғашқы куәландыру;
  2. қайта куәландыру (қайта тексеру).

Медициналық ұйымдар аурулар, жарақаттардың салдары және кемістіктерден туындаған, өмір сүру шектеулеріне әкелетін ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту шараларының кешенін жүргізгеннен кейін, МӘС-ке азаматтарды уақытша еңбекке жарамсыздық басталғаннан немесе диагноз қойылған күннен бастап кемінде төрт ай өткен соң жібереді. Бұл талап балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға да қатысты.

Төмендегі жағдайлар бұған кірмейді:

  • анатомиялық кемістіктері бар адамдар;
  • 21-хромосоманың триосомиясы (Даун синдромы) бар адамдар;
  • айқын немесе күрделі ағза функциясы бұзылған,  жазылмайтын ауралары  бар, оңалту әлеуеті жоқ және паллиативтік көмек алатын науқастар.

Инвалидтеуші ауру бойынша денсаулығы нашарлаған жағдайда, мүгедектігі бар адамдар уақытша еңбекке жарамсыздық басталғаннан немесе диагноз қойылған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң МӘС-ке жіберіледі (балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға да қатысты).

Кәсіби аурулар кезінде ағза функцияларының аздаған бұзылуы бар, және бұл аурулар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1033 бұйрығымен бекітілген (уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулар тізбесіне кірмеген) жағдайда, медициналық оңалту жүргізу көрсеткіштері болмаған кезде, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау мақсатында МӘС – ке  уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін есепке алмай жіберіледі.

Медициналық ұйымдар, жоспарлы қайта куәландыру мерзімін ескере отырып, мүгедектігі және (немесе) еңбек қабілетін жоғалтуы бар адамдарды қайта куәландыруға жібереді.

Азаматтарды МӘС-ке жолдаудың толықтығы, медициналық тексеру көлемі және негізділігі – жолдаған медициналық ұйымның ДКК төрағасы тарапынан қамтамасыз етіледі.

М.КАЛАНДАРОВ,

МСЭ №1 бөлімінің басшысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында АИТВ-ға қарсы күрес шаралары күшейтілді

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін…