Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өтпекшіміз. Қай сала болмасын осы заңды төлқұжат ретінде ұстанып, егеменді еліміздің дамып, көркеюі жолында еңбек етіп келеді. Онда ең құнды байлық адам және оның өмірі деген сөйлем әр азаматтың көкейіне сенім ұялатып, тәуелсіз елдің бақытты адамдары екенімізді дәлелдеп келеді. Барша жұрт бұл мерекенің маңызы мен мәнін жақсы түсінді. Егеменді еліміздің басты төлқұжаты қабылданғанына 30 жыл толды. Бұл өте үлкен мерзім емес. Дей тұрғанмен осы уақыт ішінде өзінің қасиетін, қадірін ұқтырды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің арнайы тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймақтарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң-Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған болатын.
Оның мақсаты – «Отбасын қолдау орталықтарының базасында заң консультанттары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерін тарта отырып еңбек ету құқығының конституциялық кепілдіктері жөнінде, еңбек қатынастыры және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары мен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары шеңберінде әлеуметтік кепілдіктер аясындағы заңнамалық өзгерістер мәселелері бойынша заң консультацияларын халық арасында ұйымдастыру және кеңінен түсіндіру.
Бүгінгі кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Насиба Генякова, аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Мухитдин Сабиров, аудандық Мәнсап орталығының маманы Еламан Айдынұлы, сонымен қатар пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған азаматтар қатысты.
Бір кездері оқыс әрекеттер жасап, әртүрлі заңға қайшы қылықтары үшін сотты болған адамдарды қайтадан қоғамның толыққанды мүшелері ретінде қабылдау үшін көп күш-жігер мен құлық керек. Бұл кездесудің басты мақсаты да сондай жандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап табу еді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға білікті мамандар өз бағыттары шеңберінде жауап берді. Әрине заңды білу, өз құқығын қорғау – әр азаматқа міндет. Дегенмен оны өзіміз үшін зерттеп оқып, түсіну аса қажет. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін нағыз мамандардың ақыл-кеңесі керек. Бұл кездесу сондай мақсатты көздегендіктен діттеген мақсатына жетті. Пробацияда есепте тұрған азаматтар өздеріне тиісті, өз істеріне қажетті ақпаратты алды деп ойлаймыз. Одан бөлек тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу, жеке куәліктерін қалпына келтіру, жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған (400) АЕК қайтарымсыз грант алу, бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп келгендерге Үкімет тарапынан қарастырылған (15) АЕК бір реттік жәрдемақы, өз жеке кәсібін бастауға төмен пайызбен берілетін несие туралы ақпараттарға қанықты.
30 тамыз – Ата Заңымызды көпшілік болып қабылдаған күн. Биыл оған 30 жыл толып отыр. Осы айтулы күнмен барша аудан жұртын құттықтаймын.
Гаухар ШАВДИНОВА,
аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры
