Басты бет Әр қилы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

«Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

0
324

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында Ұйғыр ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілді.

Аталған қайырымдылық шарасына Алматы облыстық мәслихатының депутаты Илахунов Абдуманап Аблахаевич және Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Есжан Нұрәкім Есенбайұлы белсенді қатысып, бірқатар отбасыларға нақты көмек көрсетті.

Акция барысында мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдары, сөмкелер және мектеп формалары табысталды. Бұл игі іс-шара балалардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылуына ықпал етіп, ата-аналардың алаңсыз жаңа оқу жылына дайындығын жеңілдетті.

— «Бүгінгі көмектің басты мақсаты – балалардың білім алуына жағдай жасап, олардың әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету. Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі. Сондықтан біз әрқашан осындай игі бастамаларға қолдау білдіріп келеміз», – деді депутат Илахунов Абдуманап Аблахаевич.

Мектепке дайындық кезеңінде қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсету – әрбір азаматтың парызы. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПОБЕДА ИННОВАЦИЙ И ТВОРЧЕСТВА

Команда «SmartReMakers» из Шонжынской школы-лицея №1 с блеском представила Алматинскую обл…