Басты бет Таза Қазақстан АЙМАҚ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

АЙМАҚ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

0
198

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын. Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән-маңызына ерекше тоқталып өткен-ді.

Таза Қазақстан – ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция. Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды. Бүгінде таза Қазақстан республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Өлкемізде де жалпы ұлттық экологиялық акцияны өткізу арқылы табиғат анаға деген шексіз махаббат пен қоқыс тастау мәдениеті қалыптасты десек артық айтпаймыз. Бүгінде ауданда жастармен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда. Қазақтың «атадан мал қалғанша тал қалсын» – деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Сөзіміз шындыққа жанасу үшін жақында Қырғызсай ауылында өткен акция туралы айтпақпын. Жаздың ыстық аптабында аудан тұрғындарының ең көп баратын жері – Қырғызсай таулары. Акцияның бір ұшы іспетті жалғасын тапқан шараға мұрындық болған – аудандық қоғамдық келісім орталығы.

Орталық қызметкерлері демалушыларға тазалық, әсіресе табиғатымыздың таза болуы жайында әңгіме айтты. Демалушыларға қоқысты бей-берекет тастамау, қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға қоқыс жинауға арналған арнайы қаптар (мешоктар) таратылды. Бұл бастама демалыс орындарындағы тазалықты сақтауға өз септігін тигізді дей аламыз. Басында аң-таң болған демалушылар белсенділермен бірге айналадағы қоқыстарды жинасты. Өздері отырған жерлеріндегі тамақ қалдықтарын біз берген қаптарға салды. Бөтелкелер мен қағаз қалдықтарын жанып жатқан отқа тастады. Орталық жетекшісі Асқар Құсайынов табиғат анаға қамқор болайық, экологиялық мәдениетті қалыптастырайық, табиғатты аялайық деген ниетін жеткізді. Айналаң таза болса, денсаулығың да жақсы, көңіл-күйің де жоғары болады деген ойымен сөзін қорытындылады.

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасын табарына сенімдіміз.

Балауса АБДИМУСАЕВА,

«Қоғамдық келісім және даму орталығы»

КММ аудандық бөлімінің жетекші сарапшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Инициатива Президента «Таза Қазақстан»: Премьер-министр взял на контроль работу госорганов

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации инициативы Главы го…