Әрбір қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде адал, әділ және өзіне сеніп тапсырылған мүліктерге ұқыпты қарауы, сонымен қатар жұмыс уақытын тиімді пайдаланулары керек. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың сырткелбеті мен киген киімі іскерлік талаптарға сай болуы керек. Олардың мінез-құлықтары мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуі тиіс. Әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке қасиеттері мен кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болулары керек. Мүдделер қақтығысына жол бермеу керек, өйткені ол лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылыққа және мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.Қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiне, адамгершілігіне нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайымдылық танытып, көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланбаулары тиіс.
Тағыда қайталап айтатын болсақ, сыбайлас жемқолыққа қарсы мәдениет – ол этикалық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мүдделер қақтығыстарын болғызбау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ мәселеміз. Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр.Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлықелдердің қай-қайсысынболмасын сыбайлас жемқорлықтыңқатты алаңдатаны анық.
Тәжрибеде көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етіп, экономиканың дамуына кедергі жасайды Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отыруы және сыбайлас жемқолыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім алу – ол мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу және оларды оқытудың үздіксіз процесі болып табылады. Адамгершілік жағынан, мәдени тұрғыдан тұлғаның дамуы, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.Ал, aқпараттық және ұйымдaстырушылық қызмет – ол бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру aрқылы іске асыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – олзаң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап және олардың себеп-салдарларын жою, жолын кесу, ашу және тергеу, тексеру. Осы аталған іс-шаралар бойынша, сонымен қатар, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша көптегеніс-шаралар атқарылып жатқанын атап өту керек.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы т.б. заңдардын және де басқа құқықтық актілердің нормаларын әрбір қызметкер үнемі жадында ұстаулары керек. Мемлекеттік биліктің беделін, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерiн қорғап, өзіне талапшыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қандай да болмасын көрінісіне төзбеу керек.
К.А.БЕКМУРЗАН,
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл