Мен үшін конституциялық референдум – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың ортақ таңдау жасау мүмкіндігі. Бұл – тек заңға өзгеріс енгізу емес, қоғамның өз болашағына деген көзқарасын айқындайтын маңызды тарихи сәт. Халық болып маңызды шешім қабылдау – бірлікті нығайтып, ортақ жауапкершілікті арттыратын қадам. Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы, оның саяси, құқықтық және әлеуметтік дамуының темірқазығы. Сондықтан оған енгізілетін …
Аталған кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру, оның ел болашағына әсерін талқылау және тұрғындардың пікірін тыңдау . Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған басты өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту мәселелері ерекше атап өтілді. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын …
Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам. Осыған орай Ұйғыр ауданында құрылған коалиция мүшелері бүгін Шонжы политехникалық колледжі ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтарының теңгерімін сақтау және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыру мәселелері түсіндірілді. Ұжым тарапынан …
Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланды. Осыған орай Ұйғыр ауданында құрылған коалиция өкілдері Абай атындағы мектеп-гимназиясы ұжымымен кездесті. Жиында Жаңа Конституция жобасының мазмұны таныстырылып, ұсынылған өзгерістердің қоғам өміріне ықпалы талқыланды. Кездесу барысында әлеуметтік әділдік, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі және азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. 🗳 Таңдау жасау – әр азаматтың борышы. Ел тағдырына қатысты маңызды …
Кездесу барысында еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланды. Жаңа бастамалардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам қалыптастыру және әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екені атап өтілді. Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салып, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Бірлігіміз нығайып, ел болашағы жарқын болсын!
Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысты. Шара барысында жас балуандар қадірменді қонаққа төл күресімізідң әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпқой …
Алматы облысындасСпорт инфрақұрылымын дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағында барлығы 1891 спорттық құрылым жұмыс істейді. Оның 503-і дене шынықтыру-спорттық мәндегі нысандар, 1193-і білім беру ұйымдарында орналасқан, 195-і спорт мектептеріне тиесілі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Әдиахметов айтты. Қазіргі уақытта 3 ірі спорт кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кеген ауданы Жалағаш ауылында 50 орындық …
1979 жылдың 25 желтоқсаны. Бұл күн – тарихта қара әріппен жазылған күндердің бірі. Сол күні кеңес әскерлері Ауғанстан аумағына кіріп, он жылға созылған қантөгіс басталды. Бұл соғыс 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Алайда соғыстың тоқтауы – қасіреттің біткені емес еді. Өйткені ол бүтін бір ұрпақтың тағдырына жазылған ауыр сынақ болды. Ауған соғысы – саясаткерлердің шешімін қарапайым сарбаздар өз қанымен өтеген …
Аудандық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысына әр округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Жиынның тізгінін өз қолына алған қоғамдық келісім даму орталығы аудандық бөлімінің басшысы Асқар Құсайынов амандық-саулық сұрасқан соң, күн тәртібімен таныстырды. Әрине кез келген жиын ең алдымен ел ішіндегі тұрақтылық, тыныштық, береке, аудандағы жаңалықтардан бастау алары заңдылық. Бұл жолы да ауылдардың саяси ахуалы әңгіме болды. Басты мәселе Ата …