Басты бет Ақпарат ағыны ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ МОДЕЛЬ ФРАНЦИЯДА ӨТКЕН БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ МОДЕЛЬ ФРАНЦИЯДА ӨТКЕН БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

0
4,987

Алғаш рет Алматы облысының сән  мектебі «DA models»-тің оқушылары «World Asia Beauty 2017»  және  «Universe Beauty 2017» сынды сән көрсетілімі мен өнері  ұштасқан сұлулық байқауларында жүлделі орындар алып қайтты. Олар  5 жасар Кибраева Азалия 2-ші  Вице Мисс атанса,  9 жасар Хасен Амина 2-ші орынды  және Тарасенко Кира 3-ші орынды иеленді. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«DA models» сән мектебі 2017 жылдың сәуірінде ашылды. Қазіргі таңда мектепте 5-25 жас аралығындағы 23 оқушы бар. Жаттығулар І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде өтеді. Онда  оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінген.

Мектептің мақсаты балалардың шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту, дұрыс сойлеу мәнерін қалыптастыру , деніні қалапты жағдайда ұстауды және камерамен жұмыс жасауды үйрету.

«Талдықорғанда сән мектебінің ашылғанына аз уақыт болса да 14 жасар модель  Асқарова Дана шілде айында Францияның Лакост қаласында өткен «World Asia Beauty 2017» байқауының «Super Model Universe Beauty 2017» номинациясы бойынша Гран-при жеңіп алды. Бұл байқау  жыл сайын әлемдік сән әлеміндегі аңыз адам Пьер Карденнің қолдауымен өткізіледі. Фестиваль халық арасындағы, әсіресе, әртүрлі елдердің балалары арасындағы достық қарым-қатынастар мен мәдени алмасуларды нығайту мақсатында және  балалардың діни көзқарастары мен ұлттарына қарамастан өтеді. Оған  100-ден астам елдің өкілдері қатысады», — деді «World Beauty» Алматы облысы бойынша директоры Кисапова Алия Аскарқызы

Сән мектебінің басты мақсаты Алматы облысының жас өнерпаздарын халықаралық дәрежедегі байқауларға қатыстыру. Олай болса баспасөзге қатысушылар «DA models» сән мектебінің оқушыларына тек сәттілік тілесті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ауыл тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді

        «AMANAT» партиясының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр    …