2017 жылы тайқазанымыз табысқа толған, жолымыз оңынан, ел мерейі үстем болған жыл болды. Талай тартысты додалар мен әлем назарын аударған шараларды өткіздік. Облысымыз бен ауданымызда да ауыз толтырарлық жетістіктер жетерлік. Ауданымызға қарасты Ават ауылының тұрғындары үшін де өткен жыл өз еншісін қалдырыпты. «Өрлеу» бағдарламасымен жәрдемақы алған отбасылар әлеуметтік жағдайын түзеген. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған …