Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де «Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы кәріз желілерін қайта құру және салу жұмыстарын жүргізу. Түзету»объектісінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара 2023 жылдың наурыз сәуір айы аралығында жүргізілді
Аудит барысында «Мекеме» мен «Мердігер» арасында жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері қаралып, төмендегі деректер анықталды.
№2 нысандағы орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілерін тексеру нәтижесінде құны 72 741,4 мың теңгенің кәріз салу жұмыстары 2023 жылдың 13 наурызына дейін «Мердігерге» жүктелген міндеттемелердің толық орындалмағаны расталды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптары бұзылғаны анықталды.
Сондай-ақ, 24.12.2019 жылғы №18-0218/19 санды түзету сараптамасы бойынша2020жылдың соңында аяқталуы тиістіқұрылыс жұмыстары осы аудит мерзіміне дейін аяқталмағаны белгілі болды.
Қорыта келгенде,«Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы кәріздік тазарту желілерінің құрылыстарын салу» Жұмыс жобасы бойынша 2014 жылдың 12 желтоқсанында басталып, 2023 жылдың сәуір айына дейін аяқталмағандықтан құрылысқа бөлінген бюджет қаражаты түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген деп есептеледі.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
****
Незавершенное строительство канализационных очистных сооружений (КОС) в селе Шелек Енбекшиказахского района
Департаментом внутреннего государственного аудита по Алматинской области проведено аудиторское мероприятие в ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Енбекшиказахского района» по вопросу использования бюджетных средств, выделенных на строительство объекта «Строительство канализационных очистных сооружений в с. Шелек Енбекшиказахского района».
В ходе аудита были проверены сроки выполнения обязательств по заключенным договорам, между«Учреждением» и«Подрядчиком». В следствие чего выяснилось, что работы по строительству канализационной системы стоимостью 72 741,4 тыс. тенгене выполнены в срок. В результате проверок актовприемки выполненных работ на объекте №2неисполнение возложенных на «Подрядчика» обязательств в срок до 13 марта 2023г, подтвердилось. В данном случае происходит нарушение требований Бюджетного кодекса Республики Казахстан.
Также надо отметить, что строительные работы по исправительной экспертизе по №18-0218/19 от 24.12.2019, которые должны были быть сданы в конце 2020 года, не завершены.
Таким образом можно сделать вывод, что использование бюджетных средств, выделенных на строительство объекта «Строительство канализационных очистных сооружений в с. Шелек Енбекшиказахского района», начавшегося 12.12.2014 года, считается неэффективным.
Департамент внутреннего государственного аудита по Алматинской области