Басты бет Көкжиек Тәлімгерлік ұстаным – мектепке қызмет

Тәлімгерлік ұстаным – мектепке қызмет

0
1,069

Жас маман орта оқу орнын бітіріп келген соң  мектеп табалдырығына өз қызметін атқаруға кіріседі. Ол маманның кәсіби дамуына ықпал ете алатын  тәлімгер бекітіледі. Жалпы тәлімгер дегеніміз кім? Тәлімгерлікке қандай міндеттер жүктеледі? Тәлімгердің сипаттамасы қандай? Осы сұрақтарға аудан көлемінде 12.09-23.09 аралығында «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында 80 сағаттық  курс нәтижесімен, ҚР заңнамасымен таныстыра отырып, теория мен тәжірибені ұштастырып әріптестеріме әдістемелік көмек ретінде мақала жазып отырмын.

Осыған дейін өзіміз жас маман болған кезде тәлімгер жұмысы басқаша болған еді, әрине кәсіби дамуымызға айтарлықтай үлес қоспаса да, өз дәрежемізге сай әдістемелік көмек алған болатынбыз.

Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтарға қойылатын талаптардың 3-тарауында «Шағын жинақты мектептегі тәлімгерден басқа, тәлімгер мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет: «педагог-зерттеуші» не «педагог-шебер» біліктілік санаты, педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы, соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім сапасы кемінде 50% — 60%», – деп  нақты қойылатын талапты да айқындап қойған .

Бүгінгі күннің тәлімгері министрлік арнайы бекіткен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 сәуірде № 20486 болып тіркелген  «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес» ұйрық негізінде жүзеге асырылады. Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді, яғни бүгінгі күнде мектепте тәлімгер болып қызмет атқарғаныңыз үшін алғашқы жылында 17697 тг көлемінде қосымша ақы төленеді. Одан кейінгі екі жылыңызды  волонтерлі тәлімгер болып тегін жұмыс атқарасыз. Мектепке жылда келген жас маманға шебер мен зерттеуші мұғалім ақы алу үшін жас маман беріле береді деген сөз жоқ. Алған жас маманыңызды 3 жыл тәрбиелеп, кәсіби дамуына үлес қосып, қатардағы  педагогтерге қосып жібергенше көмек бересіз. Ақы төленетін жерде оның да жауапкершілігі жоғары екендігін білеміз. Жас маманға не үйретіп, нәтижесі қандай екенін дәлелдей алатын құжаттарыңыз, папкаларыңыз, фото-суреттерінің болуы өз шығармашылығыңызға қарай дәлелді болуы міндетті. Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орта  білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бір педагогке бір тәлімгер бекітіледі.

Қорыта айтқанда, жас маманды ортаға ықпалдастырып, нормативтік- құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, психологиялық қолдау, сүйемелдеу модулін көрсету, өз ортасына қарамай үнемі ізденіс үстінде жүретін, өмір бойы білім алуды тоқтатпай, мұғалімдік қызметтің қиындығына мойымайтын,  кез келген жағдаяттан өз бетінше шыға алатын, тынымсыз еңбек ететін маманды дайындау – тәлімгердің басты қызметі.

Гүлзира ТӨКЕНОВА,

Рахат орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА ӘДІС – БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЖОЛЫ

М.Жалилов атындағы Кетпен орта мектебінде «Альфа ұрпақтарын оқыту әдістері» бойынша семина…