Басты бет Мәдениет және руханият «ТАҢШОЛПАН» ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

«ТАҢШОЛПАН» ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

0
934

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ШЕРХАН МҰРТАЗА, КАМАЛ СМАЙЫЛОВ, САҒАТ ӘШІМБАЕВ ЖӘНЕ НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ  ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ «ТАҢШОЛПАН» ЖАСТАР  БАЙҚАУЫ

 Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және  тележурналист, жазушы Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына,ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына  орай «ТАҢШОЛПАН»телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа  жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас  ғалымдар қатыса алады.

 Байқаудың мақсаты —  жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтау.

 Байқау шарттары:

Байқауға2022 жылы түсірілген қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады.Байқау жұмыстары 2022 жылдың 30қарашасына дейін mediaschoolalmaty2020@gmail.comжолдануы тиіс.

 Байқауаталымдары:

  • Үздік бейне материал (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
  • Журналистік зерттеу жұмысы (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
  • Үздік мультимедиалық жоба (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік шыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУресми сайттарында жарияланады.

Телевизиялық «Таңшолпан» жастар конкурсы Қазақстан Республикасының  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Журналистика факультетінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының жетекшілігімен ашылған ұлттық телевизия жауһары саналатын «Асылмұра», «Көкпар», «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парыз бен қарыз», «Жүректен» қозғайық», «Құрдастар», «Бетпе-бет», «NurTiley» бағдарламалары сақтаулы.

 Марапаттау:

Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, шәкіртақы тағайындалады.

Байқауға жолданған жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:

Жұмыстар электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып сілтемелері  ұсынылуы тиіс.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…