Барыс жылының басынан бері елімізде бірқатар саяси серпілістердің орын алып жатқандығын бүкіл халық біліп отырмыз. Оның бірден-бір себепшісі де, қозғаушысы да жыл басында орын алған қасіретті қаңтар оқиғасы екендігі айтпаса да түсінікті. Алмағайып кезеңдерде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нақты әрі батыл шешімдер қабылдай біліп, халықтың жанынан табыла алғандығы баршамыздың көңілімізге өшпес үміт пен зор сенім ұялатты. Сол халықтың сеніміне қарай ағымдағы жылдың басынан бергі 9 айдың ішінде Президентіміз еліміздің саяси бағытын жаңа арналарға бұрып, Жаңа Қазақстанды құруға қарай нәтижелі талпыныстарды жасауды бастап кетті. Осының айқын бір көрінісі – күздің алғашқы күнінде халыққа жолдаған Жолдауындағы айтылған тың тапсырмалар мен жарқын келешегіміз үшін қолға алынғалы отырған нақты жұмыстар.
Осы қыркүйектегі кезекті халыққа жолдауында ел Президенті көптеген саяси реформалардың орын алатындығын талқылап айтты. Оның ішіндегі елді елең еткізген әрине, алда келе жатқан үлкен саяси науқандар. Өзінің Президент ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрін тоқтатып, халықтың нақты сеніміне ие болу үшін тағы да бір Президент сайлауын өткізуге батыл қадам жасап отырған Президентіміздің осы шешімінің өзі халықтың таңдауына, сеніміне және үмітіне деген үлкен құрмет деп бағамдадым. Онымен қоса халық қалаулыларының да сайлауын өткізіп, елдің қалауымен сайланған жаңа парламентпен жұмысты жандандырып, жалпы елдің тізгінін ұстап отырған басқарушы құрылымды толықтай жаңартып, Жаңа Қазақстанды құруға көш түзейтіндігін анық аңғардық. Басқа да көптеген салаларға қатысты баршамызды қуантарлық жаңалықтар жария етілді. «AMANAT» партиясының да осы жолдаудан кейін атқаратын ауқымды жұмыстары жоспарланып тұр. Алдағы үлкен саяси науқандарда халықтың сенімін арқалап, елдің таңдауына іліну және одан әрі қарай халыққа қызмет ете беру біздің басты мақсатымыз. Енді ел ішінде осы Жолдау кеңінен насихатталып, нақты жүзеге асуын сіз бен біз асыға күтеміз! Еліміздің Президенті айқындағандай әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!
Мәулен НҰРОВ,
«AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық
филиалының атқарушы хатшысы