Қазақстан тағы бір үлкен тарихи кезеңнің қарсаңында тұр. Халық арасында жан-жақты түрлі пікірлер айтылғанымен, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңіне қадам басу екенін түсінуі қажет. Дәл осы сияқты ауқымды саяси реформалар уақыттың талабы және ол халық қалағандай орындалуы шарт.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Суперпрезиденттік Республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу» туралы тұшымды түсінік айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған өз таңдауларын жасауы тиіс және референдум белгіленген күні дауыс беруі керек. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де болып жатқан қалыпты саяси процесс. Ресей Федерациясы – 2020 жыл, Қырғызстан – 2021 жыл, Беларус Республикасы – 2022 жылы дәл осындай ауқымды саяси реформалар жасаған. Себебі уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Ал біз оған сай болуымыз шарт.
Осылайша күні кеше Президентіміз Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум — қоғам арасында қызу талқыланып жатыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін көпшілік біртіндеп түсініп келе жатыр. Ол үшін ел арасында арнайы үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Үгіт-насихат жұмыстарына еліміздің көшбасшы партиясы да белсене атсалысып жатыр.
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірлерінде өзінің штабын құрып, сол арқылы алда келе жатқан үлкен саяси науқанды насихаттап келеді. Сондай-ақ іс-шаралармен қамтылған желілік кестесі арқылы да Республикалық референдумды көпшіліктің көңіліне қондыруды жүзеге асыруда. Партияның аудандық филиалының штабы құрылып, оның мүшелері күн сайын аталмыш желіліке кестеге сәйкес ауданның барлық елдімекендерін қамту үшін арнайы шараларды өткізіп, халықпен кездесулер ұйымдастырып келеді. Штаб төрағасы, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұров Мәулен Мұқажанұлы үгіт-насихат жұмыстары бастала салысымен желілік кесте бойынша бірінші толқынды белсенді түрде өткізіп, ел аралап түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жоғарғы дәрежеде жүргізіп келеді. Аудан орталығы Шонжы ауылынан бастап, Ақтам, Бахар, Шырын ауылдарында арнайы халықпен жүздесулер өткізіп, референдум өткізудің басты мақсаты мен халықтың ондағы рөлі және одан кейінгі болашаққа алар бағдар бойынша толықтай түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өзгерістер аз емес екендігін, соның бірі — Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі артатындығы, Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енетіндігі, Парламенттің бақылау функциялары кеңейетіндігі, заңнамалық рәсімдер оңтайланатындығын, осылайша азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейетіндігін ауылдағы ағайынға ауыз екі тілмен айтып жеткізді.
Жалпы жоспарланған реформалар сәтті өтсе, халық ел басқаруға тікелей қатысатындығын түсінуі керек. Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттары сайланады, мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде облыс әкімдері тағайындалатын тың жаңалықтар орын алатын болады. Осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асатындығы айқын байқалып тұр. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдумның қажеттілігі аса маңызды екендігін де шатб мүшелері халық арасында нақтылап түсіндіруде. Сонымен қатар, халық арасынан айтылған аманаттар да арнайы сұраныстар арқылы облыстық партия филиалына ұсынысы ретінде уақытылы жолданып келеді. Барлық халықпен өткен кездесулер барасында ел ішінде көптеп қозғалып келе жатқан мәселелер мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындау, ана тіліміздің қолданылу аясы мен болашақ тағдырын нақтылап оңтайлы шешу мәселесі, жер мәселесі және әйелдердің зейнет жасы сынды күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер. Осы айтылған ұсыныстар алда келе жатқан референдумда дауысқа салынатын Ата заңымызға енгізіліп, нақты шешімдерін тапса екен деген халықтың тілегі.
Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілетіндігі тарихи оқиға болып отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының айқын дәлелі. Алдағы референдум – Қазақстанның болашағын айқындайды. Сондықтан әрбір тұрғын 5 маусымда дауыс беріп, өз таңдауын жасап, осы тарихи бетбұрыстың жүзеге асуына өз үлесін қоса алады. Барша жергілікті халық осы саяси науқаннан тыс қалмай, референдумға белсене атсалысады деген сенімдеміз!
Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ