Атап айтқанда, 2021 жылдың 12 айында ауданда алаяқтық қылмысы бойынша 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда аталған санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық 32,3 % пайызға өскен.
Аудан прокуратурасымен осы санаттағы қылмыстық істерді зерттеген кезде алаяқтық кезде алаяқтың құрбаны болған адамның сенгіштік, жеңіл табыс көзіне құмарлық және т.б. байланысты мінез-құлқы әсер етеді, бұл өз кезегінде қылмысқа итермелейтін алғы шарт болып табылады. Көбінесе жасы келген адамдар алаяқтардың жиі құрбаны болуда. Сондай-ақ, алаяқтар негізінен сөзге шебер, адамдардың іші-бауырына кіріп, өтірікті шындай қылып сендіре білетін айлакер.
Бұл қылмыстың өсу себептерінің бірден-бір негіздері, ол – адами қасиет және сеңгіштік.
Алайда, адамдар сол алаяқтардың берген уәдесін орындауға мүмкіншілігі немесе құзыры бар жоғына көз жеткізбей, олардың сұрағанын бере салады, ал алаяқтар болса өз кезегінде айтқан уәделерін орындамайды.
Қазіргі таңда, алаяқтық қылмыстарының ең көп тараған түрі бұл интернеттік алаяқтық, бұл белгісіз нөмерлерден хабарласып, банк қызметкері ретінде өзін таныстыру арқылы несие рәсімдеу болып табылады.
Осыған орай, егер Сіздерге бейтаныс азаматтар өздерінің қызметтерін ұсынған жағдайда міндетті түрде олардың құжаттарын талап ету арқылы заңдастыруға арналған мекемелерге баруды ұсыныңыздар.
Қазіргі таңда, аудан прокуратурасымен құқық қорғау органдарымен алаяқтық қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар және де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары! Әркімнің айтқанына, уәдесіне сенім арта бермей, өздеріңізді және жақындарыңызды алаяқтың құрбаны болудан сақтанып жүріңіздер.
Ерлан ОЛЖАБЕКОВ,
аудан прокуратурасының прокуроры