Басты бет Әлеумет Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар

Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар

0
1,229

Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай.

Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет:
— туу туралы куәлік
— ата-анасының біреуінің жеке куәлігі
— 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек

Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет.

Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз.

Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз!

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

Инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясы…